Түркістан қаласының оңтүстік шығыс бетіндегі 45,0 гектар жер аумағына этносаябақ салу жоспарлануда. Этносаябақта ұлттық нақыштағы ойын-сауық орындары, ұлттық тағамдар мен сусындар ұсынатын нысандар, ашық аспан астындағы демалыс орындары мен киіз үйлер орналасатын болады. Осы этносаябақта туристерге орта ғасырлық көшелердің көріністерімен сол кездің мәдениетін тамашалай алатындай мүмкіндіктер жасалады. Сонымен қатар, облысымыздағы тарихи-мәдени ескерткіштер жөнінде мағлұмат беретін ашық аспан астындағы макеттер орналастырылады. Саябақта ескі тарихи көлшік қайта қалпына келтіріледі.Ал, үшінші кезеңде орталық Есімхан алаңымен Әмір Темір көшесі аралығында С.Қожанов, Байбұрт көшесі, жаяу жүргіншілер арбатты қайта жарақтандырып, жаңалау жоспарда бар. Бұдан бөлек, қаладағы табиғи қорды пайдаланып емдік-сауықтыру туризмін дамыту көзделуде. Өйткені Түркістан қаласы аумағында жер асты термалды су жүйелерінің мол қоры бар. Осы су көздерінің қатарында құрамы «Трусковец» (Украина), «Витаутас» (Литва) және Ново-Ижевская (Удмуртия) емдік жер асты суларына теңдес «Шипа-су» шипажайы орналасқан. Бүгінгі таңда шипажай басшысымен келісіп, мекеменің жұмысын жандандыру үшін тиісті шаралар жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістандық мүмкіндігі шектеулі спортшылар спартакиада да топ жарды
Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен облыстық спартакиадаға Түркістан қаласынан қатысқан спортшылар, нәтижелі көрсеткіштерге ие болды. Бұл туралы Түркістан қаласының баспасөз қызметі хабарлады. Оңтүстік Қазақстан облысындағы барлық аудандар мен қалалардан жиылған 15 команда өзара […]
«Ясауитану» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Киелі Түркістан шаһарында аса тартысты өткен «Ясауитану» байқауының екі кезең қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Ажар Қараман бас жүлдені (150 мың теңге) иеленді. Ал, Ақмола облысының өрені Жанат Оқаға бірінші орын (100 мың теңге) […]
ТҮРКІСТАНДА ИНТЕРНЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Транстелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы болып Сүйеніш Әбділдинді қабылдады. Кездесуде аймақта интернет сапасын жақсарту, ауылдарды, білім ұяларын қамту мәселелері талқыланды. Өңір басшысы әріптестікті нығайтып, елге пайдалы жобаларды бірге жүзеге асыруға дайын […]
Пікір қалдыру