Республикамызда моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде Кентау қаласына бүгінде ел үкіметі тарапынан және жергілікті биліктің қолдауымен қыруар қаржы бөлініп, қарқынды дамып келеді. Ондағы кәсіпкерлерге де мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетіліп, бүгінгі таңда олар жеңілдетілген несие мен грантқа қол жеткізіп жатыр. Сонымен қатар, Кентау қаласында Индустриялды аймақ құрылған болатын. Қазірде онда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында көптеген жобалар жүзеге асырылу үстінде.Осындай кәсіпорынның бірі өткен жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру жұмыстарының бірінші жартыжылдықтағы қорытындысына арналған жалпыұлттық телекөпір барысында іске қосқан «ЮгЭлектроПривод» зауыты. Кәсіпорын осы жылдың алты айында 96,9 млн. теңге болатын 3264 дана трансформаторларға жабдықтаушы құрал-жабдықтар, айырғыштар, өшіргіштер шығарып, өнімін шығарды. Кәсіпорында Қазақстан бойынша аналогы жоқ, трансформаторлар үшін жаңа өнім түрлерін (вакуумды ажыратқыштар) шығару өндірісі жолға қойылған. Зауыт құрылысына 828 млн.теңге инвестиция тартылып, қосымша 50 жұмыс орны ашылған.
Ұқсас жаңалықтар
Қыз тәрбиесі неден басталады?
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз бала бойына сіңіре отырып , қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы,шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырып, сыпайлыққа , инабаттылыққа баулу мақсатында […]
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕЕВ: КЕНТАУДЫ ЖАСЫЛ ОАЗИСКЕ АЙНАЛДЫРУ КЕРЕК
«Кентауды жасыл оазиске айналдыру керек. Көгалдандыруды күшейтіп, гүлбақтар мен көпшіліктің көңілінен шығатын демалыс орындарын көбейткен жөн», – деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласына жасаған жұмыс сапарында. Аймақ басшысы қаладағы атқарылып жатқан жұмыстармен […]
УМИРЗАК ШУКЕЕВ: КЕНТАУ НУЖНО ПРЕВРАТИТЬ В ЗЕЛЕНЫЙ ОАЗИС
«Кентау нужно превратить в зеленый оазис. Необходимо усилить работы по озеленению и увеличить места для отдыха горожан», — сказал аким Туркестанской области Умирзак Шукеев в ходе рабочей поездки в город горняков. Ознакомившись с ходом […]
Пікір қалдыру