Шымкент қаласы еліміздегі үшінші мегаполиске айналуы үшін сәулетті құрылыс пен инфрақұрылымдық жарақтандырылуы әлемдегі өркениетті қалаларға тән дамуы тиіс. Бұл ретте қалаға кіреберіс қақпалар мен жолайрықтарды, айналма және ішкі орам жолдардың сапалы жасалуына аса мән берген жөн. Сондай-ақ құрылыстың басталуын тым ұзартып жіберетін жобалау-сметалық құжаттамалар заманауи үлгіде әзірленуі керек. Бүгін бұл туралы Шымкент қаласындағы құрылыс нысандарының барысы талқыланған жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.Биыл Шымкент қаласында 20 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 15 мектеп, 2 спорт, 2 мәдениет, 1 абаттандыру нысандары бар. Аталған 20 нысанның 11-і жыл соңына дейін ел игілігіне тапсырылатын болады. Ал қалған 9 нысанның құрылысы 2018 жылға өтпелі.Бұдан бөлек, қалада жалпы аумағы 151 мың 228 шаршы метрді құрайтын 42 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 26-сы коммуналдық, 16-сы кредиттік тұрғын үй саналады. Соның 30 тұрғын үйі жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Қалған 16 үйдің біту кезеңі 2018 жылға өтпелі.«Биылғы жылы Шымкент қаласында 10 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысы жалғасуда. Бүгінгі күнге 2 нысан пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 1 нысанның құрылысы аяқталады деп күтілуде. Ал қалған 7 нысанның құрылысы 2018 жылы пайдалануға берілетін болады» , — деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров.
Ұқсас жаңалықтар
Тамара Дүйсенова Шымкенттегі қалалық жұмыспен қамту орталығында болды
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы 700-ге жуық жұмысшысы бар «Стандарт-Цемент» зауыты 2011 жылы құрылған. Цемент өндіріп, оны сатумен айналысатын серіктестік жылына 2 млн. тонна өнім өндіретінін айта кету керек. Мұндағы цемент өнімдері Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан мен […]
ОҚО әкімі жер қойнауын заңсыз пайдалануға жол берген жауаптыларға тәртіптік шара көруді тапсырды
2017 жылдың сәуір айынан бастап ОҚО-дағы Сайрам ауданында 12 нысан тексеріліп, заң бұзушылықтарды жою жөнінде берілген нұсқамалардың 3 айлық мерзімі өткенімен, бүгінгі күнге кәсіпорындарға нақты шаралар қабылданбаған. Бір қызығы, бүгінге дейін облыс бойынша бірде — […]
Шымкентте көркем гимнастикадан халықаралық турнир басталды
Шымкент қаласында көркем гимнастикадан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Әлия Юсупованың жүлдесіне арналған VII халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Бүгінгі жарысқа Израиль, Қырғызстан, Ресей, Белорусия, Өзбекстан, Жапония, Вьетнам және Қазақстан құрамасының 100-ге жуық спортшылары екі […]
Пікір қалдыру