Оңтүстік Қазкақстан облысының әкімі Бәйдібек ауданындағы «Шаян» индустриалды аймағына да атбасын бұрып, ондағы іске асқалы отырған жобалардың барысымен танысты. Жалпы аумағы 60 гектарды құрайтын аймақ бүгінде барлық инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтылған. Ендігі мәселе — инвесторлар тартып, жаңа жұмыс орындарын көптеп ашатын кәсіпорындарды шоғырландыру.«Индустриалды аймақтың мүмкіндігін тиімді пайдалана алмай отырсыздар. Әлі күнге мұнда кәсіпорын құру жұмыстары қолға алынбай келеді. Осы ретте аудан әкімінің жұмысына сын айтуға болады. Жыл соңына дейін нақты іске асырылатын жобаларды талқылап, алдағы жылы кәсіпорындарды тездетіп ашуды тапсырамын», — деді облыс әкімі.Мұнан соң өңір басшысы Ақбастау ауылдық округіндегі «Домалақ ана» кесенесі аумағындағы жібек өндіретін қожалықтың жұмысымен танысты. Жібек өндіруді қолға алған кәсіпорын бүгіннің өзінде сол маңға 140 мың түп тұт отырғызыпты. Биыл қожалық Шаян ауылынан «ОN –Бәйдібек» қолөнер орталығын ашып, жібектен кілем тоқу, киізден шұлық басу, қазақы ою-өрнектпен шапан тігу ісін де жандандырып отыр екен.
Ұқсас жаңалықтар
Ауданға цирк келді
Ауылдан түлеп ұшқан өнерпаздар туған жеріне тағзым етті. Оңтүстік цирк мекемесі ел игілігі үшін еңбек етіп, мәдениет пен өнерді ұштастырып жүрген әртістерді өз туған елінде насиxаттау жобасын қолға алды. «Туған жер» бағдарламасының алғашқы аялдамасы Шаян […]
ОҚО әкімі «Severance – KZ» халықаралық медициналық қор» президентімен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Severance – KZ» халықаралық медициналық қор президентімен кездесті.Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім, инновация салаларын бірігіп дамыту мақсатында байланысты […]
Шетелдік инвесторлар ОҚО-да күн электр станциясын салып, электропанельдер шығаруды қолға алмақ
Оңтүстік Қазақстан облысында қытайлық кәсіпкерлер қуаттылығы 100 мвт болатын күн электр стансасын салмақ. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде «Джан Су Нью Энерджи Технолоджи» компаниясының өкілі Ге Дженсон мәлім етті.Басқосуда тараптар облыстағы […]
Пікір қалдыру