Қазығұрт ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайлы Төлеген Телғараев, Оңтүстік Қазақстан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндаған аудан басшысы өткен жылы «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» бағдарламасына енген жалпы құны 2,6 млрд. теңге болатын 7 жобаның бүгінде 5-уі іске қосылғанын айтты. Осының нәтижесінде 162 адам тұрақты жұмыспен қамтылғанын айта кету керек. Ал, 2017 жылдың соңына дейін қосымша 2 жаңа жоба іске асырылып, 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Бұл кәсіпорындардың жалпы құны 722,7 млн. теңге болатынын атап өтті.«2017 жылдың 6 айында өндірілген өнім көлемі 2964,2 млн. теңге болып, нақты көлем индексі 105 % құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 441 млн. теңгеге артық өнім өндірілді. Олардың ішінде кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары бойынша 40,7 млн. теңге, өңдеу өнеркәсібі бойынша 2363,6 млн. теңге, электрмен жабдықтау, газ беру бойынша 527,8 млн теңге, сумен жабдықтау бойынша 32,1 млн. теңгеге өндірілді. »,- деді Т.Телғараев.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында 3 айда 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
Мамыр айынан бастап Түркістан облысында 460 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Жұмыспен қамту орталығы екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарға көмектесуге дайын. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде қолға алынған жоба аясында 11 мыңнан астам жаңа […]
ОҚО ЭКСПО көрмесінде 4 жобаны интерактивтік картада ұсынбақ
Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде интерактивтік картада Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 4 жоба ұсыну жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшылығы мәлім етті.Ааламыш жобалар «Нұр Әлем» […]
Кентаудағы индустриялды аймақта 5 жоба жүзеге асырылады
Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор әсер етер инвестиция, тау-кен өндірісі, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, коммуналды шаруашылық сынды бірқатар салалардағы жетістіктерді баян етті. «Кентаудағы индустриалды аймақта инфрақұрылым жүйелері толығымен жүргізіліп, жалпы құны 1998,5 […]
Пікір қалдыру