Қазығұрт ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайлы Төлеген Телғараев, Оңтүстік Қазақстан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндаған аудан басшысы өткен жылы «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» бағдарламасына енген жалпы құны 2,6 млрд. теңге болатын 7 жобаның бүгінде 5-уі іске қосылғанын айтты. Осының нәтижесінде 162 адам тұрақты жұмыспен қамтылғанын айта кету керек. Ал, 2017 жылдың соңына дейін қосымша 2 жаңа жоба іске асырылып, 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Бұл кәсіпорындардың жалпы құны 722,7 млн. теңге болатынын атап өтті.«2017 жылдың 6 айында өндірілген өнім көлемі 2964,2 млн. теңге болып, нақты көлем индексі 105 % құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 441 млн. теңгеге артық өнім өндірілді. Олардың ішінде кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары бойынша 40,7 млн. теңге, өңдеу өнеркәсібі бойынша 2363,6 млн. теңге, электрмен жабдықтау, газ беру бойынша 527,8 млн теңге, сумен жабдықтау бойынша 32,1 млн. теңгеге өндірілді. »,- деді Т.Телғараев.
Ұқсас жаңалықтар
Қазығұртта бір мезетте 10 мың қойды бордақылайтын кешен салынуда
Қазығұрт ауданындағы «Сапа – 2002» серіктестігі құны 275 млн. теңге болатын мал бордақылау кешенінің құрылысын жүргізіп жатыр. Айта кету керек қазіргі таңда онда салмағы 90-95 келі тартатын қазақтың асыл тұқымды қылшық жүнді құйрықты қойы мен меринос […]
Ж.Түймебаев қазығұрттық ҰОС ардагерінің шаңырағында болды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған салтанатты шарадан соң Қазығұрт ауданының тұрғыны ҰОС ардагері Иса Телікбаевтың отбасына арнайы барып құттықтап, иығына шапан жапты. Ленинград майданында шайқасқан ардагермен әңгіме барысында […]
Түркістан: Сарыағашта бір алқаптан үш өнім алу жобасы қарқынды дамып келеді
Сарыағаш ауданында 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобасы аясында жұмыс жүргізуге жалпы 400-ге жуық шаруа қожалық ниет білдіріп, егіс көлемі 917,6 гектар болатын инновациялық жоба іске асырылуда. Бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы бойынша […]
Пікір қалдыру