Таулы алқаптардағы мұздақ көлдердің бүгінгі жай-күйі туралы Қазақстан республикасы Ішкі істер министрлігі өтенше жағдайлар комитетінің «Қазселденқорғау» Оңтүстік Қазақстан облысындағы аймақтық пайдалану техникалық басқармасы филиалының директоры Ербол Әлзақ, облыс басшысына бірқатар өзекті мәселелерді баяндады. Оның айтыунша, өткен жылғы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде облыстың таулы аймақтарында 40 мұздақ көлдің бар екені анықталған. Оның ішінде 7-і көмілген көлдер санатына жататынын айта кеткен жөн.«Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында Қаржантау, Өгем және Майдантал таулы жоталарына биыл 1 рет аэровизуалды және 4 рет жерүсті зерттеу жұмыстары жүргізілген. Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша мұздық көлдерден төніп тұрған қауіп жоқ екендігі анықталып отыр», — деді Е. Әлзақ. Ағымдағы жылға облыс бюджеті тарапынан аэровизуалды жұмыстарын жүргізуге 32 млн. теңге қарастырылса, бүгінгі күнге оның 19 млн. теңгесі игерілген. Мәжіліс барысында өңір басшысы облыс аумағындағы тасқын судың алдын алу, өзен-көлдер мен бөгеттердің қазіргі ахуалын бақылау, тау бөктеріндегі мұздақ көлдерді бақылау бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік бюджеті талқыланды
Оңтүстік Қазақстан облысының бюджеті нақтылануда. Депутаттар алдағы 3 жылға арналған бюджетті нақытылауға кірісті. Биыл бюджет 6 жарым млрд. теңгеге ұлғайып, жалпы қазына көлемі 518 млд. теңгені құраған. Бүгін облыс мәслихатының аумақтардың дамуы және табиғатты пайдалану […]
Жаңа жұмыс орындарын ашуда оңтүстіктің шоқтығы биік
Оңтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 30 мыңнан астам, нақтырақ айтқанда, 30348 жұмыс орны ашылған. Жаңа жұмыс орындарының құрылуы бойынша күнгей еліміздегі барлық облыстар ішінде көш бастап тұрнын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, ашылған жаңа жұмыс […]
Оңтүстікте 2021 жылы халықтың 95,5 пайызы газбен қамтылады
Оңтүстік Қазақстан облысында 2021 жылға қарай халықтың 95,5 пайызы газбен қамтылады деп күтіліп отыр. Бұл меже 2017-2021 жылдарға арналған облыстың елді мекендерін газдандырудың жоспары негізінде жүзеге асады. Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кезекті мәжілісте облыстық […]
Пікір қалдыру