Еркінбек Тәженұлы «Qazaq Arbasy»-ын киіз үй пішінінде жасауға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы түрткі болғанын айтады. Президентіміз бұл бағдарламалық мақаласында ұлттық кодымызды сақтау үшін әлемдік өркениет көшінен қалып қоймауға, сонымен бірге, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып жалғасып келе жатқан салт-санамыз бен дәстүрлерімізді ұмытпауға, керісінше, заман ағымына бейімдеп отыруға шақырады. Міне, сондықтан да өнертапқыштың бар арманы ұлттық сусындарымыз бен киіз үйіміздің бүгінгі әлемнің ажырамас бір бөлшегіне айналып, заман ағымы қалай өзгерсе де қоғамда өз қажеттілігін жоғалтпай, халықпен бірге мәңгі жасай беруі.«Біздің дүниемізді еліміздің дизайнерлер одағы, қазақ тағамтану академиясы толығымен қолдап отыр. Тіпті, академик Төрегелді Шармановтың өзі киіз үйдің шаңырағына қарап ішкен сусынның адам бойына тез сіңетіні жөнінде ғылыми дәйектер келтіруде. Жалпы, жылжымалы механизм алғаш рет қазақ даласында ойлап табылған. Қазақ халқы бағзы замандардан бері сайын сахарада көшіп-қонарда арба, күймені пайдаланған. Бұл туралы ортағасырлық әйгілі жиһанкездердің еңбектерінен кездестіруге болады. Мәселен, қазақтарда киіз үйлі арба болғандығы туралы құжаттар, соның ішінде мұндай арбаның көне сызбалары Париждегі ескі архивтердің бірінен табылды. Сондықтан заманауи арбаны салт-дәстүрімізді бүгінгі заманға лайықтап, екінші өмір сыйлайтын нағыз рухани жаңғыруға жатқызуымызға болады. Соның үлгісі бойынша келешекте тағы да 20 арба жасауға мүмкіншілігіміз бар. Егер мемлекеттен тиісті қолдаулар болып жатса, оны өндірістік жолға қоюға толық мүмкіндік жетеді. Оның үстіне, көптеген маңызды бөлшектерін өзімізде шығару арқылы да өзіндік құнын төмендетуге әбден болады. Алдағы уақытта туындыны Оңтүстік Қазақстан облысының атынан Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне апаруды жоспарлап отырмыз», —дейді өнертапқыш Е.Бөкебаев.
Ұқсас жаңалықтар
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫН ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Нұрсұлтан Назарбаевқа «Керуен-сарай» кешені таныстырылып, «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы аумағындағы археологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Елбасына осы жылдың тамыз айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың хаттамалық тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асып жатқан басқа да […]
Саттар Мажитов: Осы күнде нанның қадірін ұмытып барамыз ағайындар!
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында, оңтүстікте «Нан қадірі» жобасы қолға алынып жатыр. Аталмыш жобаның мән-мағынасы мен мақсатын Ордабасы ауданында өткен жиында «Интелект-Эксперт» әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, […]
Асхан Майлыбаева: «Айғайшыл күшпен емес, игілікті іспен қызмет ететін кез қазір»
Қазір біздің еліміз ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығы қиын кезеңді бастан кешіп отырғаны белгілі. Жер бетін жайлаған жаман індет халықтың ерік-жігері мен өзіне деген сеніміне, бірлігі мен төзімділігіне сын болып тұрған сыңайлы. Дәл осындай ауыртпашылық […]
Пікір қалдыру