Еркінбек Тәженұлы «Qazaq Arbasy»-ын киіз үй пішінінде жасауға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы түрткі болғанын айтады. Президентіміз бұл бағдарламалық мақаласында ұлттық кодымызды сақтау үшін әлемдік өркениет көшінен қалып қоймауға, сонымен бірге, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып жалғасып келе жатқан салт-санамыз бен дәстүрлерімізді ұмытпауға, керісінше, заман ағымына бейімдеп отыруға шақырады. Міне, сондықтан да өнертапқыштың бар арманы ұлттық сусындарымыз бен киіз үйіміздің бүгінгі әлемнің ажырамас бір бөлшегіне айналып, заман ағымы қалай өзгерсе де қоғамда өз қажеттілігін жоғалтпай, халықпен бірге мәңгі жасай беруі.«Біздің дүниемізді еліміздің дизайнерлер одағы, қазақ тағамтану академиясы толығымен қолдап отыр. Тіпті, академик Төрегелді Шармановтың өзі киіз үйдің шаңырағына қарап ішкен сусынның адам бойына тез сіңетіні жөнінде ғылыми дәйектер келтіруде. Жалпы, жылжымалы механизм алғаш рет қазақ даласында ойлап табылған. Қазақ халқы бағзы замандардан бері сайын сахарада көшіп-қонарда арба, күймені пайдаланған. Бұл туралы ортағасырлық әйгілі жиһанкездердің еңбектерінен кездестіруге болады. Мәселен, қазақтарда киіз үйлі арба болғандығы туралы құжаттар, соның ішінде мұндай арбаның көне сызбалары Париждегі ескі архивтердің бірінен табылды. Сондықтан заманауи арбаны салт-дәстүрімізді бүгінгі заманға лайықтап, екінші өмір сыйлайтын нағыз рухани жаңғыруға жатқызуымызға болады. Соның үлгісі бойынша келешекте тағы да 20 арба жасауға мүмкіншілігіміз бар. Егер мемлекеттен тиісті қолдаулар болып жатса, оны өндірістік жолға қоюға толық мүмкіндік жетеді. Оның үстіне, көптеген маңызды бөлшектерін өзімізде шығару арқылы да өзіндік құнын төмендетуге әбден болады. Алдағы уақытта туындыны Оңтүстік Қазақстан облысының атынан Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне апаруды жоспарлап отырмыз», —дейді өнертапқыш Е.Бөкебаев.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да Елбасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жасалуда
Оңтүстікте ЭКСПО халықаралық көрме тақырыбы бойынша өңірде өнеркәсіп, экология, ауыл шаруашылығы саласында да жаңа технологияларды енгізу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.«Бүгінгі таңда облысымызда Елбасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жасалуда. […]
Елбасы Оңтүстік Қазақстандағы «Қазақ еліне мың алғыс!» монументімен танысты
Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының алдынан бой көтерген «Қазақ еліне мың алғыс!» монументімен танысты. 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында шымылдығы түрілген […]
Дихан Қамзабекұлы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының ОҚО-да іске асыру жұмысымен танысты
2017 жылдың 8 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ректорының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы, Алаштанушы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Отырар» кітапханасы ғылыми-зерттеу орталығының […]
Пікір қалдыру