Елордасы — Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесінде Мақтарал ауданынан барған бірнеше өнімдер тегін таратылды. Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының 10 тонна қауыны мен 350 кг қауынның қағы, 10 тонна қарбыз астаналықтарға тегін тарту етілді. Сондай-ақ, ауданнан жіберілген 3 тонна қызанақ, 3 тонна қияр, 2 тонна қырыққабат, 2 тонна пияз, 2 тонна сәбіз, 1 тонна болгар бұрышы, 2 тонна баклажан, 3 тонна картоп, 15 тонна қарбыз, 15 тонна қауын т.б. 1 тонна жеміс-жидек өнімдері 15 % жеңілдікпен сатылуда.«Әлемдегі ең тәтті қауын Мырзашөлдің қауыны десем артық айтқандық емес. Дегенмен, Астанада бағасы қымбат болғандықтан көп студенттердің оны сатып алуға қалтасы көтере бермейді. Бүгін астаналықтардың, әсіресе астаналық студенттердің қуанышында шек жоқ. Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысы күндері аясында тегін қауын таратылып жатқанын естіп келіп отырмыз. Жаңа оқу жылын осылайша молшылықпен бастап жатырмыз» — деді Айдана Базарбаева.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда журналистер марапатталды
Мақтааралда 28-маусым — Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні мерекесіне орай, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында мерекелік кеш болып өтті.50-ге жуық журналистердің басын қосқан іс-шарада аудан әкімі Ғалым Исмаилов сөз сөйлеп, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын […]
Шымкентте Астана күніне орай Елбасы туралы қос кітаптың тұсауы кесілді
Бүгін Шымкенттегі облыстық орыс драма театрында «Асқақтай бер, Астана!» атты салтанатты іс-шара өтті. Шара аясында еліміздің тәуелсіздігі мен тарихын, жетістіктерін насихаттайтын «Жаһан таныған жеті тұлға», «Тұлға.Тәуелсіздік.Тарих» атты «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген екі кітаптың тұсауы кесілді. Жиында […]
Мақтаралдық 794 шаруашылық кооперативке бірігіп жаңа 12 тракторға қол жеткізді
Мақтарал ауданы Қазыбек би ауылдық округіндегі «Береке-мақта» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі биыл толағай табыстарға кенеліп отыр. Олай деуге негіз де жоқ емес. Биылдың өзінде кооператив 5740 гектарға мақта егіп, әр гектарынан 24-25 центнерден өнім алуда. Мақтаның […]
Пікір қалдыру