Мақтааралда 28-маусым — Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні мерекесіне орай, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында мерекелік кеш болып өтті.50-ге жуық журналистердің басын қосқан іс-шарада аудан әкімі Ғалым Исмаилов сөз сөйлеп, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын жергілікті жерде насихаттап, билік пен бұқараның арасына алтын көпір болып отырған ақпарат өкілдерінің қызметі мен еңбегі зор екендігін атап өтті. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының дамуына үлесін қосып, еңбегімен еленген «7 сыр» газетінің бас редакторы Ғаппар Жаппарға «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.«Аға буын», «орта буын», «жас буын» болып бөлінетін Мақтаралдың журналистер қауымы өздері туралы түсірілген «Мырзашөл журналистикасы» атты деректі фильмді тамашалады. Қаламгерлер «журналистика» атты сан салалы мамандықтың небір қызықты оқиғалары туралы естеліктерімен бөлісіп, аға буын өкілдері жастарға ақыл-кеңестерін берді. Айта кетейік, бүгінгі таңда Мақтарал ауданында 2 телеарна, 10 газет жұмыс жасайды.
Ұқсас жаңалықтар
Шардарада медицина қызметкерлері марапатталды
Шардара аудандық емхананың кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен денсаулық сақтау қызметкерлерінің төл мерекесі тойланды. Қаладағы «Абай» Мәдениет сарайында өткен салтанатты шараға қала мен ауылдардағы барлық емхана қызметкерлері қатысып, ақ халаттылардың кәсіби мерекесін көтеріңкі күйде атап өтті.Мерекелік шараға […]
ОҚО-да прокурорлар мен журналистер ашық пікір алмасты
Бүгін «Оңтүстік» ақпарат орталығында облыстық ішкі саясат басқармасының мұрындық болуымен «БАҚ және құқықтық сауаттылық» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Жиынға облыстық прокуратураның басқарма басшысы Ербол Ештаев пен облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Мадияр Әліпов […]
Түркістан: Мақтааралдағы құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылады
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында тасқын судан зардап шеккен азаматтарға арнап салынатын тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылып жатыр. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев аудандағы жұмыссыз жүрген жастарды еңбекпен қамтып, әлеуметтік жағдайын дұрыстауға атсалысу мақсатында осындай […]
Пікір қалдыру