29 маусым күні таңертең аудан орталығы Шолаққорған ауылынан ауданымыздың экономикалық, әлеуметтік дамуы мен өркендеуі, өрістеуі жолында елеулі еңбек еткен бір қатар еңбек ардагерлері Астана қаласына сапарға шықты. Олар «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Астана қаласының көрікті жерлері мен тарихи орындарын аралап, Алжир лагері, Бурабай табиғат мұражайына барып, тынығып қайтпақ ниетте.Бұл облыс бойынша Созақ ауданан бастау алған тұңғыш бастама десек те болады. Шараны ұйымдастырушылар қатарында аудан әкімі Салыхан Полатов сапарға шығып тұрған ардагер ағаларымызға шынайы ақжолтай сапар тіледі. Шығарып салу рәсіміне аудан әкімінің орынбасарлары, ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов болды. Ардагерлерді барып-қайту сапарында жол бастап алып жүретін аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақәділ Сатыбалды және басқа да медицина, әлеуметтік сала қызметкерлері сияқты жауапты мамандар да қоса баратын болады. Шарада сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов, ақын, жазушы Дулат Тұрантегі, ақын Төлеген Кәрібеков шығарып салушыларға алғыс айта отырып, үлкен бастаманы қуана құптайтынын білдірді. Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайы өнерпаздарының әсем әндері мен сазды күйлері ырғағымен ұзақ сапарға шыққан ардагерлерімізге айтарымыз «Аман барып, сау қайтыңыздар ардагер ағалар!» деген ізгі тілекпен шығарып салдық.
Ұқсас жаңалықтар
Созақта қымыз сатып кәсіп еткендер көп
Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында орта және шағын кәсіпкерлікке кеңінен тоқталып, әсіресе аграрлық өнеркәсіпті дамытуға мейілінше баса назар аудару керектігін айтып келеді. Сондай-ақ осы бағытта кәсіп ашып, жұмыс істеймін деген азаматтарға барынша мол мүмкіндік беруді […]
Созақтық спортшылар еліміздің мерейін тасытты
Созақтық спортшы 19 жастағы Қобыланды Орынбасаров Сеулде өткен гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионы атанды. Ал, жаттықтырушысы Мұрат Серікбаев ардагерлер арасындағы жарыста әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Жарыс Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында қараша айының […]
Созақта «Өрлеу» жобасын түсіндіру үшін оқыту семинары өтті
Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік көмекті жандандыру негізінде осы уақытқа дейін көрсетіліп келе жатқан үш әлеуметтік көмек түрі қысқартылып жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілетін болады.Сонымен қатар, әйелдердің зейнеткерлік жасының ұлғаюы […]
Пікір қалдыру