28 маусым – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, үздік жарияланым номинациясы бойынша «Үздік телеарна» аталымын «Отырар» телеарнасы алса, «Ең үздік аймақ тілшісі» номинациясын «Заң», «Қазақстан заман» газеттерінің меншікті тілшісі Шадияр Молдабек пен «24 kz» телеарнасының меншікті тілшісі Катерина Попкова, «Үздік басылым» номинациясын «Шымкент келбеті» мен «Уақыт» газеттері, «Алтын қауырсын» номинациясын «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Ғабит Сапарбеков, «Алтын микрофон» номинациясын «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының тілшісі Төребек Байтасов, «Үздік ақпараттық агенттік» номинациясын «Rgmedia.kz» ақпараттық порталы, «Үздік аудандық, қалалық басылым» аталымын «Ордабасы оттары» газеті еншіледі. Мұнан бөлек, 9 тілшіге облыс әкімінің Грамотасы, 11 журналистке облыс әкімінің Алғыс хаты берілді.Сонымен бірге, 18 адамға Түркия Республикасына жолдама берілсе, «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» шарасына белсене қатысқаны үшін 10 азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. БАҚ өкілдері құрметтелген шарада бірқатар қалам ұстаған өкілдер облыс мәслихатының Грамотасымен, Алғыс хатымен, ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің Алғыс хатымен, ҚР Журналистер Одағы ОҚО филиалы тарапының арнайы номинацияларымен, облыстық ішкі саясат басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, салтанатты отырыста облыстық БАҚ өкілдері арасында өткен «Кәсіпкерден 10 кеңес» байқауы мен «Отансүйгіштік – Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады» байқауының жеңімпаздары құттықтап, әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген бірқатар блогерлер облыстық ішкі саясат басқармасының сыйлығымен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік өнімдері Астанаға жол тартпақ
Астанадағы ЭКСПО көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысының 35 ірі кәсіпорны 28 түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінен 13 мың тоннаға жуық, дәлірегі 12976 тонна азық-түлік жеткізуді жоспарлап отыр. Солардың бірі, Қазығұрт ауданынына қарасты Қақпақ ауылындағы «Қарқын-2030» жауапкершілігі шектеулі […]
Оңтүстік қариялары «Еврокристал» зауытында болды
Ардагерлер атбасын бұрған екінші нысан — «Оңтүстік» индустриялды аймағындағы «Еврокристалл» шыны зауыты болды. Мұнда жылына 300 млн дана шыны құты шығарылады. Өндіріс ошағы әлемнің озық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Қазір 150-ге жуық азамат жұмыс істейді. Мұнан соң […]
Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударуға 672 отбасы ниет білдіріп отыр
Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударуға 672 отбасы ниет білдіріп отыр. Оның ішінде еңбекке қабілетті 1008 адамның 116-сы ауыл шаруашылығымен, 98-і кәсіпкерлікті дамытумен айналысуға, 794-і мемлекеттік кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға ықыласты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасының […]
Пікір қалдыру