Оңтүстік Қазақстан облысы жастар орталығының директоры Береке Дүйсебеков, қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуді бүгінгі күннің талабы деп біледі. «Қазақ елі тәуелсіздік алғанына жиырма алтыншы жылға аяқ басты. Бүгінгі жастар еліміздің өркендегенін, жылдан-жылға дамып келе жатқандығын көріп отыр. Олар азат рухта тәрбиеленіп, өздерінің бай тарихына мақтана алатындай сезімде бой түзеуде. Сондықтан, біздің ойымызша, отаршылдық санада емес, тәуелсіздік рухтағы қазіргі қазақ жастары ұлтын сүйетін патриоттық сезімде қалыптасып келеді.Біз жастар латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз деп сеніммен айта аламыз. Латын әліпбиіне көшу-біз жастар үшін, болашақ еліміз үшін әлдеқайда маңыздырақ» дейді Оңтүстік Қазақстан облысы жастар орталығының директоры Береке Дүйсебеков.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жергілікті билік инвесторлармен бірігіп екі ірі жобаны жүзеге асырмақ
Бұл жөнінде Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Оңтүстік өңірінде жүзеге асырылу жайын баяндаған кезде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді. Оның бірі Қазығұрт ауданында […]
ОҚО-да балабақшамен қамту мақсатына 1,9 млрд. теңге бағытталды
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімімен Тасыбаев Әбдірахман Батырбекұлы берген өтінішіне сәйкес, 2017 жылғы 30 қарашадан бастап, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылып отыр. Облыстық мәслихаттың он жетінші сессиясында сөз алған облыс әкімі […]
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының фото-көрмесі өтті
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының фото-көрмесі өтті. Көрмеге қойылған 25 фото суретте Қ.А.Яссауи және Арыстан баб, Қарашаш ана кесенелері, көне Отырар мен Сауран қалалары, Ақмешіт үңгірі, «Алаш» этно ауылы, этно-орталық бейнеленген. Экспозицияға күнгейдің тамаша […]
Пікір қалдыру