Оңтүстік Қазақстан облысы жастар орталығының директоры Береке Дүйсебеков, қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуді бүгінгі күннің талабы деп біледі. «Қазақ елі тәуелсіздік алғанына жиырма алтыншы жылға аяқ басты. Бүгінгі жастар еліміздің өркендегенін, жылдан-жылға дамып келе жатқандығын көріп отыр. Олар азат рухта тәрбиеленіп, өздерінің бай тарихына мақтана алатындай сезімде бой түзеуде. Сондықтан, біздің ойымызша, отаршылдық санада емес, тәуелсіздік рухтағы қазіргі қазақ жастары ұлтын сүйетін патриоттық сезімде қалыптасып келеді.Біз жастар латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз деп сеніммен айта аламыз. Латын әліпбиіне көшу-біз жастар үшін, болашақ еліміз үшін әлдеқайда маңыздырақ» дейді Оңтүстік Қазақстан облысы жастар орталығының директоры Береке Дүйсебеков.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО «Өрлеу» жобасын жүзеге асыруда көш бастады
Оңтүстік Қазақстан облысында жарты жыл ішінде 75 мыңға жуық адам «Өрлеу» жобасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, республикада көш бастады. Енді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі ұсынылатын үш түрлі әлеуметтік төлемдердің орнына атаулы әлеуметтік […]
Жыл басынан бері ОҚО-ға келген туристер саны екі есеге жуық артқан
2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысына 52 850 шетелдік және отандық туристер (былтыр 33 мың турист келген) саяхаттауға келгенін айта кеткен жөн. Оның 3600-і (2016 ж. І жарты жылдығында 2883 шетелдік турист келген) […]
ОҚО-ға келетін туристер саны 55 пайызға артқан
Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіттің айтуынша, оңтүстікте өтетін «Ontustik Tourism. Invest 2017» атты фестиваль Алматы қаласында бастау алып, Жамбыл облысында жалғасын тауып отыр. Одан кейін Оңтүстік Қазақстан облысында аяқталатын […]
Пікір қалдыру