Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіттің айтуынша, оңтүстікте өтетін «Ontustik Tourism. Invest 2017» атты фестиваль Алматы қаласында бастау алып, Жамбыл облысында жалғасын тауып отыр. Одан кейін Оңтүстік Қазақстан облысында аяқталатын болады. Форумның негізгі мақсаты – өңіріміздегі туристік саланың дамуындағы өзекті мәселелер туралы пікір алмасу. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру, инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау екенін айта кету керек.Айта кететіні, форумға қытай елінің туристік ұйымдары аса қызығушылық танытып отыр. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысына биылғы жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша 128 мың турист келген екен. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 55 пайызға артып отыр. Яғни, өңір қонақтарының саны жыл санап көбейіп келеді. Басқосу нәтижесінде шет елдік компаниялармен бірқатар меморандумдарға қол қойылатын болады. Жалпы форум өңірдің туристік және инвестициялық имиджін қалыптастыруға оң әсерін тигізбек.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жыл соңына дейін 20 шақты елді мекеннің жер асты су қоры бекітіледі
Оңтүстік Қазақстанда облысында соңғы жылдары жер асты суы төмендеп кеткен. Соның салдарынан 300-ден астам ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып келген болатын. Естеріңізде болса, тіпті кей ауылдарға «Ақ бұлақ» бағдарламасымен ауыз су құбырлары […]
ОҚО-да «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» заң жобасы талқыланды
Оңтүстік Қазақстан облысында 427 адвокат қызмет атқарады. Яғни, бұл бір адвокатқа 6766 азамат жүгінеді деген сөз. Сондай-ақ, облыстағы халық саны көп шоғырланған Түркістан қаласында бір адвокатқа 13 мың азаматтан келсе, Мақтарал ауданында бір адвокатқа 20345 […]
ОҚО-да бюджетке салық және басқа да төлемдерден түскен қаржы көлемі 3 миллиардқа артқан
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық режимде кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Отырыстағы екінші мәселе — 2017 жылдың 1 маусымына облыстағы бюджеттің атқарылуына арналды. Мәліметке сәйкес, жергілікті бюджетке түсетін салықтық және басқа […]
Пікір қалдыру