Оңтүстік Қазақстанда облысында соңғы жылдары жер асты суы төмендеп кеткен. Соның салдарынан 300-ден астам ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып келген болатын. Естеріңізде болса, тіпті кей ауылдарға «Ақ бұлақ» бағдарламасымен ауыз су құбырлары тартылған. Алайда, жер асты суы болмай миллиондар көкке ұшып, жаңа тартылған су құбырлары жарамыз халге түскен болатын. Осыдан соң, облыс басшылығы бірден ауылдарға су құбырларын тартпай, бірінші жер асты суларын зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет деп шешкен ді. Мәселен. биыл жыл соңына дейін 61 елді мекенде геологиялық іздеу-барлау жұмыстары басталып, 19 елді мекеннің жер асты су қоры бекітілмек. Қазіргі таңда өңірімізде жер асты су қорын бекітуді қажет ететін 383 ауылдың 244 елді мекенінде аталған жұмыстар атқарылған. Облыстың 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, 2020 жылға дейін жер асты су қоры бекітілген елді мекендер санын 383-ке жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ә.Әбдіқадыров хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімінің орынбасары Б.Жамалов: «Мемлекеттік несиелер жаңа жылға дейін беріліп болуы тиіс»
Түркістан қаласында облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамаловтың жетекшілігімен семинар өтті. Семинар жұмысына банк пен қаржлық қор өкілдері, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, ұйымдастырылған […]
ОҚО-дан солтүстікке көшетін отбасыларға қоныс шығыны өтеледі
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаты Жаңабай Ағабеков оңтүстік халқын солтүстікке көшіру ерікті түрде жүріп жатқандығын алға тартты. Оларға үкімет тарапынан да айтарлықтай көмек көрсетіледі. Нақты айтқанда, қоныс шығындары есебінде отбасы мүшелерінің әрқайссына 35 АЕК көлемінде […]
ОҚО-да салық түсімі 10 айда 251 млрд. теңгені құрады
Оңтүстік Қазақстан облысы ағымдағы жылдың 10 айында салық түсімі бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын 103 пайызға орындады. Айта кету керек, белгіленген жоспар 245 млрд. теңге болса, бюджетке нақты 251 млрд. теңге өндірілген болып отыр. Бүгін бұл […]
Пікір қалдыру