Халқының саны миллионға жуықтап еліміздегі үшінші қалаға айналып келе жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 14-16 қарашасы аралығында «Ontustik Tourism. Invest 2017» атты халықаралық туристік, инвестициялық форум өтеді. Басқосу «Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойынша саяхат» фестивалі шеңберінде ұйымдастырылып отырғанын айта кеткен жөн. Осы тұрғыда бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт мәлім етті.«Шара аясында туристік аймақтарымызды паш ететін фотокөрме ұйымдастырылады. Форумға ҚХР Туризм бойынша вице-министрі, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі, Туризм индустриясы комитетінің төрайымы, «Kazakh tourism» ұлттық компаниясының төрағасы, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сонымент қатар, алыс және жақын шет мемлекеттердің туризм саласының кәсіби мамандары, туристік ұйымдар, инвестициялық компания өкілдері, жалпы 300-ге жуық адам қатысатын болады», — деді Батырхан Құрмансейіт.
Ұқсас жаңалықтар
Тамара Дүйсенова Шымкенттегі қалалық жұмыспен қамту орталығында болды
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы 700-ге жуық жұмысшысы бар «Стандарт-Цемент» зауыты 2011 жылы құрылған. Цемент өндіріп, оны сатумен айналысатын серіктестік жылына 2 млн. тонна өнім өндіретінін айта кету керек. Мұндағы цемент өнімдері Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан мен […]
ОҚО әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Арыста жиын өткізді
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» бекітілген болатын. Аталған Жарлықтың […]
ОҚО: Арыстық кәсіпкер кетчуп пен томат сусындарын шығармақ
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің Арыс қаласында жүзеге асырылуы баяндалды. «Ал 2017-2019 жылдар аралығында индустриаландыру картасы шеңберінде 3 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олар «Қостүйін» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрама жем […]
Пікір қалдыру