Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласындағы трансформатор құрайтын өндіріс орны жылдан жылға жұмыс үдемелілігін арттырып келеді. Мәселен, осы жылдың сегіз айында Кентау трансформатор зауыты 12 млрд. теңгеге жуық өнім өндірген. Бұл өткен жылғының тиісті кезеңімен салыстырған 50 пайызға жоғары екен. Айта кету керек Кентаудағы трансформатор зауыты Қазақстанда электр реттегішін жасайтын жалғыз кәсіпорын.Сонымен қатар, электроматор, генератор және траснформатор шығаратын өндіріс орны осы аралықта 10988 дана заттай тауар шығарғанында айтпай кетуге болмайды. Күні бүгінге дейін кәсіпорын өндірілген өнімнің 40 пайызын шетел асып экпортқа жөнелтіліп жатыр. Атап айтқанда, Ресей, Қырғызстан, Өбекстан және Тәжікстан елдерінен трансформаторларымызға деген сұраныс жоғары. Мүнан бөлек, зауыт өнімдерінің негізгі тұтынушыларының қатарында «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы Ұлттық компаниясы, «Қазақстан теміржолы» акционерлік қоғамы Ұлттық компаниясы, «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы Ұлттық компаниясы сияқты алпауыт мекемелер мен Орта Азия мемлекеттері бар.
Ұқсас жаңалықтар
Қыз тәрбиесі неден басталады?
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз бала бойына сіңіре отырып , қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы,шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырып, сыпайлыққа , инабаттылыққа баулу мақсатында […]
Шымкентте елімізде теңдесі жоқ трансформатор зауыты іске қосылмақ
Оңтүстік Қазақстанда елімізде теңдесі жоқ трансформатор зауыты іске қосылады. 2016 жылдан бастап салына бастаған нысан құрылысының жұмысымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы барып танысты.«Тассай» индустриалды аймағында орналасқан алып зауыт 2018 жылдың екінші тоқсанында іске қосылады […]
Түркістан облысында соңғы 7айда 654 мың тонна өнім экспортталған
Жыл басынан бері Түркістан облысының шаруалары 654 мың тонна өнімді экспорттап үлгерсе, оның жалпы құны 69,9 млн АҚШ долларын құраған. Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінде өткен брифингте Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек […]
Пікір қалдыру