Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласындағы трансформатор құрайтын өндіріс орны жылдан жылға жұмыс үдемелілігін арттырып келеді. Мәселен, осы жылдың сегіз айында Кентау трансформатор зауыты 12 млрд. теңгеге жуық өнім өндірген. Бұл өткен жылғының тиісті кезеңімен салыстырған 50 пайызға жоғары екен. Айта кету керек Кентаудағы трансформатор зауыты Қазақстанда электр реттегішін жасайтын жалғыз кәсіпорын.Сонымен қатар, электроматор, генератор және траснформатор шығаратын өндіріс орны осы аралықта 10988 дана заттай тауар шығарғанында айтпай кетуге болмайды. Күні бүгінге дейін кәсіпорын өндірілген өнімнің 40 пайызын шетел асып экпортқа жөнелтіліп жатыр. Атап айтқанда, Ресей, Қырғызстан, Өбекстан және Тәжікстан елдерінен трансформаторларымызға деген сұраныс жоғары. Мүнан бөлек, зауыт өнімдерінің негізгі тұтынушыларының қатарында «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы Ұлттық компаниясы, «Қазақстан теміржолы» акционерлік қоғамы Ұлттық компаниясы, «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы Ұлттық компаниясы сияқты алпауыт мекемелер мен Орта Азия мемлекеттері бар.
Ұқсас жаңалықтар
Жайдарманнан Кентау қаласы әкімінің кубогы ойнатылды
«Туған жер – алтын бесігім» облыстық фестивалі аясында Кентау қалалық оқушылар үйі, Шымкенттегі Кентау қаласының күндеріне байланысты «Болашағымыз — балалар» тақырыбында балаларға базарлық іс-шарасының ұйымдастырды. Шымкент қаласының бүлдіршіндеріне арнап жасалған арнайы бағдарламаға сәйкес, қазақ тілінде […]
ЭКСПО — 2017 көрмесін Кентау трансформаторлары жарықпен қамтамасыз етеді
Кентаудағы трансформатор зауытының ұжымы құрастырған 80 МВт-тық трансформаторлар Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесi өтетiн ең маңызды аймақты жарықпен қамтамасыз етедi. Қазiргi кезде Қазақстанда тұңғыш рет жасалған ТРДН-80000/110 трансформаторын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесi аймағына бас құрастырушы Әдiлбек Тәжiбаев […]
Кентау қаласының әкімі ардагерлерді үйлріне барып құттықтады
Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев Ұлы Жеңістің 72 жылдығымен құттықтап, өздігінен жүріп тұруы қиындаған ардагерлеріміздің шаңырақтарына барды. Қала әкімі Қазақстан Республикасы Премьер министрі Бақытжан Сағынтаев пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың және қала әкімінің алғыс хаттарын […]
Пікір қалдыру