Бүгінде еліміздегі ең өзекті тақырып, мемлекеттік тіліміздің латын әліпбиіне көшу мәселесі болып отыр. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында латын әліпбиіне көшудің маңызы туралы нақты, әрі ерекше көрсетілген. Осыған байланысты жер-жерде осы тақырып жөнінде қызу талқылау болып жатыр. Бұл бастаманың тиімділігі туралы ұсыныстар да кең насихатталуда.Еліміздегі ірі жоғары оқу орындарының бірі М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұжымы да осы тақырып төңірегінде «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып отыр. Басқосуға «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жобалау кеңсесінің жетекшісі, Облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Әшірбаев Бақытжан Айдарханұлы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, т.ғ.д., профессор Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы бастаған ғалымдар мен профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.Жиынды оқу орнының ректоры Ж. Мырхалықов жүргізіп, университетіміздің «Филология» факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор Тілеубердиев Болат Мақулбекұлы және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Қалшабеков Ақжол Батырұлы, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары М.Әліпов тақырып төңірегінде сөз сөйлеп, баяндама жасады.Студент жастарының атынан сөз сөйлеуге Түркменістан Республикасының азаматы, ОҚМУ-дың 3-курс студенті Хамраев Алишер жазылып, — Латын әріпіне көшу көптеген мүмкіншіліктерді ашады, олардың бірі ағылшын тілін тез әрі оңай үйрену, әлемдік ғылымға жол ашу- деп, өз ойын білдіріп өтті.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-дағы профессор, латын әліпбиіне көшудің 22 себебін айтып берді
Кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі: -қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатындығынан; 2. — елдің әлемдік экономикаға енуіне мүмкіндік туғызатындығынан; 3. — әлдеқайда тұтасқан ұлттық өзгешелікке қол жеткізетіндігіне; 4. -қазақстан қоғамының басын біріктіретіндігінен; 5. […]
Оңтүстікте «Атамекен» жобасы шеңберінде 2 миллиардтан астам қаржыға түрлі шаралар атқарылатын болады
Оңтүстікте Елбасы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Атамекен» жобасы бойынша құны 2,3 миллиардтан астам 200-ден астам жоба жасақталған. Оның ішінде атап өтуге боларлығы, Бәйдібек ауданындағы Шаян селосынан футбол алаңы салынып жатыр. Шардара қаласында «Чемпиондар» […]
Елбасы: «Оңтүстіктің тарихы – тұтас Қазақстанның тарихы»
Елбасы кездесуде өңірдің бірегей тарихына және мәдени ерекшелігіне тоқталды, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі. – Оңтүстік Қазақстан – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өлке. Бұл – абыздар мен әулиелердің қасиеті дарыған, Қожа Ахмет Яссауи мен Әл-Фарабидің ізі […]
Пікір қалдыру