Бүгінде еліміздегі ең өзекті тақырып, мемлекеттік тіліміздің латын әліпбиіне көшу мәселесі болып отыр. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында латын әліпбиіне көшудің маңызы туралы нақты, әрі ерекше көрсетілген. Осыған байланысты жер-жерде осы тақырып жөнінде қызу талқылау болып жатыр. Бұл бастаманың тиімділігі туралы ұсыныстар да кең насихатталуда.Еліміздегі ірі жоғары оқу орындарының бірі М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұжымы да осы тақырып төңірегінде «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып отыр. Басқосуға «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жобалау кеңсесінің жетекшісі, Облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Әшірбаев Бақытжан Айдарханұлы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, т.ғ.д., профессор Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы бастаған ғалымдар мен профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.Жиынды оқу орнының ректоры Ж. Мырхалықов жүргізіп, университетіміздің «Филология» факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор Тілеубердиев Болат Мақулбекұлы және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Қалшабеков Ақжол Батырұлы, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары М.Әліпов тақырып төңірегінде сөз сөйлеп, баяндама жасады.Студент жастарының атынан сөз сөйлеуге Түркменістан Республикасының азаматы, ОҚМУ-дың 3-курс студенті Хамраев Алишер жазылып, — Латын әріпіне көшу көптеген мүмкіншіліктерді ашады, олардың бірі ағылшын тілін тез әрі оңай үйрену, әлемдік ғылымға жол ашу- деп, өз ойын білдіріп өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік өнімдері Астанаға жол тартпақ
Астанадағы ЭКСПО көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысының 35 ірі кәсіпорны 28 түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінен 13 мың тоннаға жуық, дәлірегі 12976 тонна азық-түлік жеткізуді жоспарлап отыр. Солардың бірі, Қазығұрт ауданынына қарасты Қақпақ ауылындағы «Қарқын-2030» жауапкершілігі шектеулі […]
Оңтүстікте инновациялық әдіспен шағын су электр станциялары салынады
Астанада өткен халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталар тұста «Шымкент» ӘКК мен «Росатом Орталық Азия» аймақтық орталығы өзара ынтымақтастық пен әріптестік келісіміне қол қойды. Оның мақсаты — Оңтүстік Қазақстан облысында шағын су электр станциясы мен басқа да […]
Оңтүстікте ашылған робот техникасын құрастыратын мектепте балалр 4 ай білім алады
Оңтүстік Қазақстан облысында ашылған робот техникасын құрастыратын мектепке балалар 5-7 жастан қабылданады. Оқу мерзімі 4 айға созылады. Білім алу ақысы — айына 15 мың теңге. Облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм бағдарламасы өкілдерінің айтуынша, «Бизнестің жол […]
Пікір қалдыру