Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Құрбан айт мерекесіне орай, Шымкент қаласында орналасқан Ардагерлер үйіне барып, ондағы демалушы қарияларды мерекемен құттықтады. Мұсылман жұртының қасиетті мерекесі саналатын осынау ұлық мейрамда 200-ге жуық қазыналы қартқа айттық дастархан жайып, сый-сияпат жасады.«Бүгінгі дастархан басында «Соғыс ардагерлері», «Еңбек ардагерлері», «Батыр аналар» сынды айрықша құрметке ие алдыңғы буын аға-апалар отыр. Сіздер, бүкіл ғұмырларыңызды еліміздің өсіп, өркендеуіне – болашақ жастарымыздың жақсы жағдайда жетілуіне бағыштадыңыздар. Сондықтан, осындай емдеу-сауықтыру орталығына келіп, ем-дом алып тұруға әбден лайықтысыздар. Мұнда емделуші екі адамға бір қызметкерден бөлінген. Одан бөлек, ардагерлеріміз үшін түрлі емдік процедураларды ұсынған кабинеттер жеткілікті. Елбасының еліміздің әлеуметтік салалары – денсаулық сақтау мен білім беру салаларына айрықша көңіл бөліп отырғанын білесіздер. Демек, мемлекетіміздің осындай қамқорлығы одан әрмен де жалғасын таба беретініне сенімім кәміл», — деді облыс басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі діни конфессиялардың басшыларымен кездесті
18 қазан – Рухани келісім күні. Осы даталы мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі бір топ діни конфессиялардың басшыларымен кездескенін айта кету керек. Шара барысында тараптар өзара пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін […]
ОҚО-да БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі аталып өтілді
Оңтүстік Қазақстанда 28 маусым — Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдің бірқатар БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, марапаттады.«Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Сіздер […]
ОҚО әкімі: Кадр тапшылығын жою үшін тұрғын үй мәселесін шешуіміз қажет
Оңтүстік Қазақстан облысында кадр тапшылығын шешу үшін әрбір аудан, қаладағы елді мекеннен қызметтік тұрғын салу қажет. Бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев селекторлық жиында айтып, тиісті сала басшыларына тез арада қолға алуды тапсырды.Аудан, […]
Пікір қалдыру