Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Құрбан айт мерекесіне орай, Шымкент қаласында орналасқан Ардагерлер үйіне барып, ондағы демалушы қарияларды мерекемен құттықтады. Мұсылман жұртының қасиетті мерекесі саналатын осынау ұлық мейрамда 200-ге жуық қазыналы қартқа айттық дастархан жайып, сый-сияпат жасады.«Бүгінгі дастархан басында «Соғыс ардагерлері», «Еңбек ардагерлері», «Батыр аналар» сынды айрықша құрметке ие алдыңғы буын аға-апалар отыр. Сіздер, бүкіл ғұмырларыңызды еліміздің өсіп, өркендеуіне – болашақ жастарымыздың жақсы жағдайда жетілуіне бағыштадыңыздар. Сондықтан, осындай емдеу-сауықтыру орталығына келіп, ем-дом алып тұруға әбден лайықтысыздар. Мұнда емделуші екі адамға бір қызметкерден бөлінген. Одан бөлек, ардагерлеріміз үшін түрлі емдік процедураларды ұсынған кабинеттер жеткілікті. Елбасының еліміздің әлеуметтік салалары – денсаулық сақтау мен білім беру салаларына айрықша көңіл бөліп отырғанын білесіздер. Демек, мемлекетіміздің осындай қамқорлығы одан әрмен де жалғасын таба беретініне сенімім кәміл», — деді облыс басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі өңірдегі тіркелмеген жер мен кооператив мәселесін май шаммен қарады
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аудан, қала әкімдерінің қатысуымен жиын өтті. Мәжіліске облыс әкімінің барлық орынбасарлары мен аудан, қала әкімдері және облыс әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.Келелі жиында тіркелмеген жер телімдері мен ауыл шаруашылығы кооперативін […]
ОҚО әкімі Ж.Түймебаев: Біз бірінші ішкі туризмді дамытуымыз керек
Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия отырысы болып өтті. Жиында облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев сөз алып, өңірдегі туризм саласын дамыту мәселесіне кеңінен тоқталып кетті.Өңір басшысының айтуынша, облыстағы тарихи, […]
ОҚО әкімі Ғ.Әбдірахымовтың жаңа қызметіне табыс тіледі
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Шымкент қаласы әкімі қызметін атқарған Ғ.Әбдірахымовты қабылдап, абыроймен атқарған қызметі үшін жылы лебізін білдірді. Аймақ басшысы бар күш-жігерін, қаланың экономикасын дамытуға арнап, білікті ұйымдастырушы ретінде көзге түскен Ғабидолла Рахматұллаұлына облыс […]
Пікір қалдыру