18 қазан – Рухани келісім күні. Осы даталы мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі бір топ діни конфессиялардың басшыларымен кездескенін айта кету керек. Шара барысында тараптар өзара пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады.Кездесуде барысында сөз алған өңір басшысы Жансейіт Қанмсейітұлы мерекенің маңыздылығына тоқталып, облысымыздағы діни конфессиялардың өзара ынтымақ-бірлігі жайлы және қоғамдағы рөлін сөз етті.«1992 жылы 18 қазан күні Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1-ші сессиясы өткен болатын. Сол конгресте қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау туралы манифест қабылданған-тын. Содан бері жыл сайын біздің елімізде 18 қазан — Рухани келісім күні мерекесі аталып өтілуде. Елбасының сарабдал саясатының арқасында бүгінде еліміз әлемге ынтымақ пен бірлігі жарасқан, коп конфессиялы мемлекет ретінде танылып отыр», — деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 60 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат әлеуметтік көмек алған
Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар күні қарсаңында №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қосымша 110 орындық ғимараты пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Ж.Түймебаев арнайы қатысып, мекемеге теледидар сыйға тарту етті. Өңір басшысы ерекше күтімді қажет […]
ОҚО әкімі Ж.Түймебаев: «Кейбір аудан әкімдерінің жұмыстарында жүйесіздік бар»
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісінде Қазығұрт ауданындағы «Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің шынайылығына жүргізілген тексерулердің қорытындысы талқыланды. Онда прокурорлар, тексеру нәтижесінде 200 мыңнан астам заңбұзушылықтар анықталып, […]
ОҚО-да ауыз су жүейсін жөндеуге бюджеттен 5 миллиардқа жуық қаржы бөлінген
Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында республикалық және облыстық бюджет есебінен 4,7 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініп, 25 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде 5 елді мекен халқы жаңа ауыз су құбырларымен қамтылса, 3 елді […]
Пікір қалдыру