Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар күні қарсаңында №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қосымша 110 орындық ғимараты пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Ж.Түймебаев арнайы қатысып, мекемеге теледидар сыйға тарту етті. Өңір басшысы ерекше күтімді қажет ететін жандарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен 9 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінетіндігін айтты.«Жылдан жылға мүмкіншілігі шектеулі жандарға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қабылдап келеді. Үкіметіміздің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кедергісіз кеңістік шаралары аясында атқарған шаралары да аз емес. Осы жылы заманауи үлгіде салынған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі қатынау бөлімшесі ашылды. Онда, 32 мүмкіндігі шектеулі балалар арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылуда. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында биыл 219 нысан бейімделді. Бұдан бөлек, 8 мыңнан астам азамат санаторлық-курорттық жолдамамен, 2 мыңға жуық қоларбамен, 40 мың адам техникалық көмекші және гигиеналық құралдармен, 9 мыңға жуық азамат арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған»,-деді әкім.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойынан 21 туристтік нысан салынады
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағынан өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік автодәлізінің бойынан жолаушыларға қызмет көрсететін 21 туристтік нысан салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық Сәулет және қала құрылыс басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов мәлім етті. […]
ОҚО-да 600-ден астам кооперативтер құрылады
Елімізде биылғы жылы қабылданған «Агроөнеркәсіптік кешенін 2017 – 2021 жылдарда дамытуға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 473 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Бұл кооперативерге 52 мыңнан астам ұсақ шаруа қожалықтары бірікті. […]
ОҚО-да жыл соңында өнеркәсіп өнім көлемі 570 млрд. теңгеге жетеді
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Соның бірі – аймақтың 2017 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы болғанын айта кетке жөн. Бұл туралы […]
Пікір қалдыру