Соңғы үш жылда «Серпін-2050» бағдарламасымен бөлінген 11 296 гранттың 5516-сын яғни 50пайызын Оңтүстік Қазақстан облысының жастары иемденген. Десекте, жобаға қатысуға ниетті жастардың саны жылдан—жылға артып келеді.Осыған байланысты жобаға бөлінетін грант санын кемінде 5 мыңға көбейту көзделіп отыр. Бүгін бұл туралы облыс әкімі Ж. Түймебаевтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлім етті.Елімізде жастардың сапалы білім алуына мол мүмкіндік беріп отырған «Серпін-2050» жобасы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасымен 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Аталған жобаның мақсаты — жастарды халқы аз қоныстанған және еңбек күшін қажет ететін солтүстік аймақтардағы жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарына орналастыру және жұмыспен қамту. Жалпы жобаға 14 облыс қатысса, оның ішінде 9-ы қабылдаушы, ал, 5-уі жіберуші өңір. «Жобаға еліміздегі 133 жоғары оқу орындарының арасынан 25 жоғары оқу орындарында педагогикалық 15 мамандық, техникалық 14, ауылшаруашылығы 9, ветеринария 2 мамандық бойынша талапкерлер қабылдауда. Мамандықтардың жалпы саны 40-қа жуықтайды. Жобаға қатысушы әрбір талапкерлерге барлық әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылып, студенттер үшін барлық материалдық-техникалық базамен толықтай жабдықталған», — деді Балмаржан Полатқызы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО тұрғындары 2020 жылға қарай 100 пайыз сапалы электр энергиясымен қамтылады
Оңтүсітк Қазақстан облысының халқы 100 пайыз электр қуатымен жалпы қамтылған. Дегенмен бұл барлығы керемет деген мағынаны білдірмейді. Себебі, 149 елдімекенде қуат сапасы сын көтермейді екен. Бұл жайлы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаев, ҚР […]
ОҚО-да соңғы 5 жылда 205 денсаулық сақтау мекемесінің құрылысы жүргізілген
Оңтүстікте денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштердің жақсаруы байқалады. Әлеуметтік маңызы бар онкологиялық (ОҚО — 53,5; ҚР — 88,7) және туберкулез (ОҚО — 2,5; ҚР — 2,9) ауруларының өлім-жітім көрсеткіші Республикада ең төмен көрсеткішті құрап, жыл сайын […]
ОҚО-дағы «Нұр-Кетебай» кооперативі 1125 гектар жерге егін егіп отыр
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Қарақай ауылдық округі, Кетебай ауылындағы «Кетебай» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі сонау 1996 жылы құрылған. 2016 жылы «Нұр-Кетебай» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі болып қайта тіркеліпті. Бүгінде Сәду Бекеновтың төрағалық етіп отырған кооперативтің 242 […]
Пікір қалдыру