Соңғы үш жылда «Серпін-2050» бағдарламасымен бөлінген 11 296 гранттың 5516-сын яғни 50пайызын Оңтүстік Қазақстан облысының жастары иемденген. Десекте, жобаға қатысуға ниетті жастардың саны жылдан—жылға артып келеді.Осыған байланысты жобаға бөлінетін грант санын кемінде 5 мыңға көбейту көзделіп отыр. Бүгін бұл туралы облыс әкімі Ж. Түймебаевтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлім етті.Елімізде жастардың сапалы білім алуына мол мүмкіндік беріп отырған «Серпін-2050» жобасы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасымен 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Аталған жобаның мақсаты — жастарды халқы аз қоныстанған және еңбек күшін қажет ететін солтүстік аймақтардағы жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарына орналастыру және жұмыспен қамту. Жалпы жобаға 14 облыс қатысса, оның ішінде 9-ы қабылдаушы, ал, 5-уі жіберуші өңір. «Жобаға еліміздегі 133 жоғары оқу орындарының арасынан 25 жоғары оқу орындарында педагогикалық 15 мамандық, техникалық 14, ауылшаруашылығы 9, ветеринария 2 мамандық бойынша талапкерлер қабылдауда. Мамандықтардың жалпы саны 40-қа жуықтайды. Жобаға қатысушы әрбір талапкерлерге барлық әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылып, студенттер үшін барлық материалдық-техникалық базамен толықтай жабдықталған», — деді Балмаржан Полатқызы.
Ұқсас жаңалықтар
КӘСIПТIК БIЛIМ АЛУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Елбасы «Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Жолдауында «Бiздiң мiндетiмiз – бiлiм берудi экономикалық өсудiң жаңа моделiнiң орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабiлетiн және өз бетiмен iздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» дей […]
ОҚО жұрты қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
31 мамыр — саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күні. Осыған орай бүгін «Қасірет» мемориалында қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті. Жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, Шымкент қаласының әкімі […]
ОҚО-да мемлекет қазынасына алты айда 147 миллиард теңге салық түскен
Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбетәлиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясынд мәліметті.Осы жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндаған департемент басшысы мемлекеттік бюджет жоспары 106 пайызға орындалғанын атап өтті. Яғни, жоспар бойынша қазынаға 139 млрд. теңге түсуі тиіс болса, бюджетке нақты 147 млрд. теңге […]
Пікір қалдыру