Отырар ауданында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып, онда күн тәртібіне үш мәселе ұсынылды. Бірінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асылхан Құдайбергенов арнайы баяндама жасады.Отырар ауданы орталығын абаттандыру мәселесі бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталған басшы орынбасары Жібек жолы даңғылының бойында аудандық бюджет есебінен жалпы ауданы 2730 м2 аяқжолдар мен автотұрақтар және алаңшалар салынса, даңғыл бойындағы жасыл желектерге 740 метр суландыру жүйесі орнатылғанын айта кету керек. Көшенің тазалығын қаматамасыз ету мақсатында 26 қоқыс жәшіктері және адамдар бір мезгіл тынығатын 26 орындықтар орнатылуда. Басты көшенің ажары мен көркін арттыру мақсатында 1 субұрқақ, 16 дана кіші архитектуралық кескіндемелер (құмыра, жүзік, білезік т.б.) және 4 дана ротондалар бой көтермек. Сондай-ақ, 7 дана бетон арықтардан өтетін арнайы өткелдер және 1 ойын алаңшасы санаулы күндерде пайдалануға берілетіндігін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Арыста «Ажарлы үй-ырысты» деген атаумен абаттандыру жұмыстары жүргізілді
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Туған жер әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қай жерде жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. […]
Отырарлықтар халықаралық қарттар күнін атап өтті
Бүгін Отырар ауданында 1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік іс-шара болып өтті. Аудан өнерпаздарының сахналық көрінісімен бастау алған шарада аудан әкімі Ерлан Айтаханов қазыналы қарттарымызды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Аудан басшысы өз […]
Отырарлықтар өткен жылы жүгерінің әр гектарынан 130-140 центнерден өнім алған
Сайын даласында ұшқан құс пен жүгірген аңның тұяғы талатын Отырар топырағы қашанда дихан қауымы үшін де берекелі тірліктің ордасы саналады. Өткен ғасырдың 80-90 жылдары ауданымызда жүгері өнімдерін өсіруде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, ауданымыздағы 20 мың […]
Пікір қалдыру