Отырар ауданында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып, онда күн тәртібіне үш мәселе ұсынылды. Бірінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асылхан Құдайбергенов арнайы баяндама жасады.Отырар ауданы орталығын абаттандыру мәселесі бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталған басшы орынбасары Жібек жолы даңғылының бойында аудандық бюджет есебінен жалпы ауданы 2730 м2 аяқжолдар мен автотұрақтар және алаңшалар салынса, даңғыл бойындағы жасыл желектерге 740 метр суландыру жүйесі орнатылғанын айта кету керек. Көшенің тазалығын қаматамасыз ету мақсатында 26 қоқыс жәшіктері және адамдар бір мезгіл тынығатын 26 орындықтар орнатылуда. Басты көшенің ажары мен көркін арттыру мақсатында 1 субұрқақ, 16 дана кіші архитектуралық кескіндемелер (құмыра, жүзік, білезік т.б.) және 4 дана ротондалар бой көтермек. Сондай-ақ, 7 дана бетон арықтардан өтетін арнайы өткелдер және 1 ойын алаңшасы санаулы күндерде пайдалануға берілетіндігін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Отырарда Елбасының«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын тұрғындар арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу жоспары аясында кездесу жиыны өтт
Отырар ауданында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» ҰлтЖоспарын тұрғындар арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу жоспары аясында кездесу жиыны өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппақұлов ашып, жүргізіп отырды.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани […]
Отырарлықтар Шәуілдірде Шахановтың мерей тойын атап өтті
75 жасты еңсерген ақиық ақын Мұқтар Шақановтың мерей тойында отырарлықтар Шәуілдірдегі мәдениет үйінде атап өтті.«Тар заманның тайғақ кешулерінде жалынды жырларымен күркіреп шыққан Мұхтар Шаханов қазаққа патриоттық рухқа толы өлеңдерімен бағалы. Бір кездері жүгірген аңның тұяғы, […]
Отырарда карантинді зиянкес өсімдіктерга қарсы күрес жүргізілуде
Отырары ауданы аумағындағы пайдаланылмай жатқан бос жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында атқарылған жұмыстарға аудандық жер қатынастары және ауыл шарушылығы бөлімінің басшысы Батырбек Сыздық жан-жақты тоқталды. Бөлім басшысының айтуынша ауданымызда өз мақсатына пайдаланылмай бос жатқан жерлерді […]
Пікір қалдыру