«Туған жер – алтын бесігім» облыстық фестивалінде Кентау қаласы күнінің басталуына орай, ашылу салтанатында – арнайы қойылымда бос жатқан қара жерге кеншілер келіп, қаланың жасыл желекке айналуы жөнінде көрсетіледі. Жергілікті композитор Ерғали Шырынбековтің фестивальдің өтуіне орай арнайы шығарылған «Туған жер» әні алғаш рет орындалады.Кентау қаласы өнімдері және ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде қалаға қарасты 4 ауылдың ауылшаруашылық өнімдері мен қаладағы жеке кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылып отыр. Кентау қаласынан сәбіз-500 кг, қызылша-300 кг, болгар бұрышы-300 кг, кәді (баклажан)-300 кг, қызанақ-600 кг, қияр-350 кг, алма-800кг, жүзім-200 кг, асқабақ-400 кг, қарбыз-1,5 тн, қауын-1,5 тн, картоп-500кг, пияз-500 кг, қымыз-100 л, қымыран-100л, құс еті-1,0 тн, қой еті-100 кг, сиыр еті-500кг, жылқы еті-500кг, «Жеті Жарғы сүт өнімдері»-500 кг(қаймақ, айран, сүт, сүзбе, құрт, май, т.б) әкелінді. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерін сату үшін 16 шатыр тігілді.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 42 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
Мақтаарал ауданының негізгі экономикасын ауыл шаруашылығы құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудандағы жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 42 млрд. теңгеге жеткен. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 32,2 млрд. теңге, мал шаруашылығы 9,6 млрд. теңге, ауыл шаруашылық […]
Оңтүстікте тоғыз айдың ішінде 153 мың тонна ет өндірілді
Оңтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығы бағытында өсім байқалады. Мәселен, ірі қара малдың саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,8 пайызға артып 950 мың басты, қой мен ешкі 1 пайызға артып 4 млн. 252 мың басты, […]
Кентау қаласының әкімі ардагерлерді үйлріне барып құттықтады
Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев Ұлы Жеңістің 72 жылдығымен құттықтап, өздігінен жүріп тұруы қиындаған ардагерлеріміздің шаңырақтарына барды. Қала әкімі Қазақстан Республикасы Премьер министрі Бақытжан Сағынтаев пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың және қала әкімінің алғыс хаттарын […]
Пікір қалдыру