Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында биылғы жылы 20 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Осының бірі құс етін өндіретін «Ленгер құс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі. 20 мүшенің басын қосатын ауылшаруашылығы кооперативіне біріккен құс фермасының құрылысы аяқталуға жақын. Жыл аяғына дейін іске қосылатын нысанда жылына 200 тоннаға дейін құс еті өндірілетін болады. Бүгінде кәсіпорын ғимаратына жаңа құрал-жабдықтар әкелініп, орнатылуда.Су жаңа құрал-жабдық толықтай автоматтандырылған. 2,5 гектарды алып жатқан құс фермасының қазір инфрақұрылымы жасақталуда. Шаруалардың кооперативке бірігуінің арқасында мұны сатып алуға кеткен шығынның 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланып отыр. Кооператив төрайымының айтуынша, өткізген еттің әр келісіне 80 теңгеден, ал жемге 20 теңгеден субсидия алатын болады. Жоба толықтай іске қосылғанда жылына 200 тоннаға жуық құс етін өндіреміз деп отырған шаруалар тауарларын «Шымкент құс» кәсіпорнына өткізеді. Жылына 6 анайналымда жұмыс істейтін құс фермасы құстарды 35-40 күн бағатын болады.Салаға жауаптылар бүгінде облыста 2,5 миллионға жуыс құс өсіріледі деп отыр. Оның 50 пайызы жеке және қосалқы шаруашылықтардың еншісінде. Оңтүстік өңірі өз-өзін құс етімен 70 пайыз, ал жұмыртқамен 75 пайыз қамтуға қауқарлы екен. Сондықтан біріккен кәсіпорындар алдында құс шаруашылығын дамытып, өнім көлемін арттыру мақсаты тұр. Құс фермасын салып жатқан кәсіпкерлер құрал-жабдықтар сатып алу үшін және айналым қорына (жем, шөп сатып алуға) қажетті қаржыны ҚР Үкіметінің бекіткен бағдарламалары аясында жеңілдетілген несие алу арқылы іске асыруда. Атап айтсақ, 14 кәсіпкер тиісті құжаттарын «Ырыс» МҚҰ, «Оңтүстік» АИО ЖШС арқылы өткізіп, қондырғыларын «ҒOPRO» фирмасынан «Лизинг» бойынша алады. Ал 6 кәсіпкер қондырғыларын «ҚазҚұс-Батареясы» ЖШС-нен алу үшін келісім шарт жасауда.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-дағы мәдениет ошақтары балаларға базарлық жасады
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының мәжіліс залында «Сақ» киностудиясының «Қошқар мен теке» толықметражды анимациялық фильмі балалардың назарына ұсынылды. Мультфильмді көруге 5 пен 10 жас аралығындағы «Ақерке» балалар залының тұрақты оқырмандары жиналғанын […]
ОҚО-да төлебилік бағбан интенсивті жаңа технологиямен тастақты жерде жүзім өсіруде
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы, Тасарық ауылында жүзім өсіру ісі қолға алынды. Жеке кәсіпкер Сабыржан Танабаев тастақ жерді тиімді пайдаланып, 2016 жылы жаңа технологиямен 10 гектарға жүзім еккен. Ал биыл қосымша 10 гектар жерге 16 […]
ОҚО-да «ONTUSTIK өнімдері-2017» көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр
Бүгін Шымкенттегі «Көрме» орталығында «ONTUSTIK өнімдері-2017» көрме-жәрмеңкесі басталды. Оңтүстік Қазақстанның тауар өндірушілерін қолдау және оларды халыққа кеңінен таныстыруды мақсат тұтқан шарада күнгейде өндірілетін тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, құрылыс саласына қатысты […]
Пікір қалдыру