Ақорданың төрінде өткен алқалы жиында жаңа қаріптің соңғы үлгісін таныстырмас бұрын Елбасы бұл – біздің қастерлі Тәуелсіздігіміздің жемісі екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, осы ретте бірегей жобаны іске асыру аясында Президент әкімшілігіне 300-ден астам үндеу мен ұсыныс келіп түскенін, әлеуметтік желілерде 1000-ға жуық тақырыптық жазба жарияланғанын алға тартты. Елбасының жолдауының аясында қарқын алған бұл жаңғыруға толықтай көшу 2025 жылға дейін меже қойылған. Естеріңізге салайық, соңғы латын әліпбиінде 32 қаріп таңбаланған. Жалпы, Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді қадамбар басталмақ. Ең бастысы түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуімізге латын тілі алтын көпір болмақ.«Күні кеше Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды. Ұсынылған 32 әріптен тұратын жаңа жоба ұстаздар қауымының көңілінен шығып, қолдаулар тапты. Өйткені күнделікті қолданысқа ыңғайлы, мектеп оқушыларының көзіне үйреншікті етіп жасалынған екен. Сонымен қатар, Елбасының жаңа әліпбиді білім беру жүйесіне енгізу үшін мұғалімдер мен әдістемелік базаны дайындау қажеттігін ескергені және Үкіметке оны кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жоспар әзірлеу жөніндегі тапсырмасы уақытында айтылды деп есептейміз. Латын әліпбиіне көшу үшін білікті оқытушы кадрлар мен әдістемелік база қажет. Осы негізде, Біздің білікті ұстаздар жоғарыда аталған жұмысқа дайындығын жеткізіп, қолдау білдіреді»,-Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп –гимназиясының директоры Хадиша Қылышбаева.
Ұқсас жаңалықтар
Розақұл Халмұрадов, Елбасының латын әліпбиіне көшу жайлы Жарлығын қолдау хатын жолдады
ІV, V шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Розақұл Халмұрадов Елбасының латын әліпбиіне көшу жайлы Жарлығын қолдау хатын жолдады. Онда: «Ғаламдық бәсеке-жарыстың тәуекелділігін дұрыс пайымдап, қазақ тілін латын графикасына өткізу жөнінде тарихи шешім қабылдадыңыз. Бұл байтақ […]
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР БАҒЫТ
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне өту керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін […]
Мақтааралда жаңа әліпбиге қызығушылық жоғары
Елбасымыз Н.Назарбаевтың осы жылғы 26 қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Осыған байланысты аудан әкімдігінде тілтанушылар, түрлі сала басшылары мен қоғамдық ұйымдар жетекшілері қатысқан басқосу өтті. Жиында аудан […]
Пікір қалдыру