Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Еңбек күніне» арналған жұмыскерлер мен еңбек династияларының облыстық форумы өтті. Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев барша еңбек қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, осы салада ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлер мен қызметкерлерді марапаттады.«Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мен «Мәңгілік ел» идеясы, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» еңбегі қоғамда үлкен серпіліс туғызып, ел дамуының ұзақ мерзімді бағдарларын айқындады. Біздің қазіргі қол жеткізген жетістіктеріміз – баспалдақ іспетті. Оның әрбір баспалдағы құрылысшы, ұстаз, дәрігер, ғалым, аспазшы, сақшы, егінші, қарапайым жұмысшының еңбегімен, оның маңдай терімен құралатыны айдан анық. Қазіргі таңда еліміздің экономиқалық қуатын арттыруға, мәдени мұрасын жаңғыртып, рухани әлемін байытуға өлшеусіз үлес қосып отырған Оңтүстік азаматтары біз үшін мақтаныш», — деді әкім.Бұл күні өз саласында талмай еңбек етіп, өз ісінің білгірі атанған 27 азаматқа облыс әкімінің Грамотасы мен Алғыс хаты, облыстық «Нұр Отан» партиясының алғыс хаты, ҚР «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» және «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісі табысталды. Сондай-ақ, мерекелік жиында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары да құрмет пен қошеметке бөленді.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте екі күнде инфекция жұқтырған 7 адам тіркелді
Шымкент қаласында 8 сәуірде – 3, 9 сәуірде – 4 жағдай тіркелді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Айта кетцу қажет, науқастардың барлығы бұған дейін вирус анықталған 48 жасар азаматша мен 26 жасар азаматтың тығыз […]
ШЫМКЕНТ: ҚҰЖАТТАРДЫ «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӨТІНІШ» СЕРВИСІ АРҚЫЛЫ ЖЕДЕЛ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
Мемлекеттік қызметтің 14 түрі бойынша азаматтар өтінішті «электрондық үкімет» порталының «Электрондық өтініштер» сервисі арқылы рәсімдеуге болады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің […]
Е.Айтаханов тұрғын үйлер құрылысымен танысты
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов шаһарда салынып жатқан бірнеше құрылыс нысандарының жұмысымен танысты. Алдымен әкімшілік іскерлік орталығындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысқан шаһар басшысы мердігер мекеменің басшысына жұмысты жандандырып, нысанды мерзімде аяқтау қажеттігін айтты. Сондай-ақ, жауапты […]
Пікір қалдыру