Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Еңбек күніне» арналған жұмыскерлер мен еңбек династияларының облыстық форумы өтті. Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев барша еңбек қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, осы салада ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлер мен қызметкерлерді марапаттады.«Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мен «Мәңгілік ел» идеясы, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» еңбегі қоғамда үлкен серпіліс туғызып, ел дамуының ұзақ мерзімді бағдарларын айқындады. Біздің қазіргі қол жеткізген жетістіктеріміз – баспалдақ іспетті. Оның әрбір баспалдағы құрылысшы, ұстаз, дәрігер, ғалым, аспазшы, сақшы, егінші, қарапайым жұмысшының еңбегімен, оның маңдай терімен құралатыны айдан анық. Қазіргі таңда еліміздің экономиқалық қуатын арттыруға, мәдени мұрасын жаңғыртып, рухани әлемін байытуға өлшеусіз үлес қосып отырған Оңтүстік азаматтары біз үшін мақтаныш», — деді әкім.Бұл күні өз саласында талмай еңбек етіп, өз ісінің білгірі атанған 27 азаматқа облыс әкімінің Грамотасы мен Алғыс хаты, облыстық «Нұр Отан» партиясының алғыс хаты, ҚР «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» және «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісі табысталды. Сондай-ақ, мерекелік жиында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары да құрмет пен қошеметке бөленді.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте жүрегі тоқтап қалған әжені дәрігерлер тірілтіп алды
Шымкент қаласында жүрегі тоқтап қалған 90 жастағы әжейді дәрігерлер қайта тірілдіп алды, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі «ERNUR.KZ» сайтына сілтеме жасап. Шымкент қаласының жедел жәрдем станциясына 4 қаңтар күні сағат таңғы 05.30 шамасында 90 жастағы […]
Шымкент: Коммуналдық қызмет шығындарын өтеу бойынша өтінім беру әлі де жалғасып жатыр
Шымкент қаласында коммуналдық қызмет шығындарын өтеу бойынша өтінім беру әлі де жалғасып жатыр. Еліміздің үшінші мегаполисінде төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру қызметі бойынша арнайы communal-komek.kz сайты ашылған. Аталған сайтқа кіріп, коммуналдық төлем […]
Шымкентте биыл көпқабатты үйлерді ретке келтіруге 21 миллионнан астам қаржы қаралған
Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстарының барысы бойынша тұрғын үй инспекциясының жетекшісі Марат Жұманов баяндама жасады. Мәлім болғаны, бағдарлама аясында 2011 жылдан бері орта есеппен әр жыл сайын 20 көпқабатты […]
Пікір қалдыру