Шымкент қаласында дәстүрлі жалпы қалалық «13 аймақ» — Бірге болсақ, бәрі мүмкін!» атты жүгіру марафоны өтті. Салауаттыөмірсалтыменбұқаралықспорттынасхаттаумақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев пен «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық бөлімшесінің төрағасы Өмірзақ Мелдеханов, сондай ақ әкімдік қызметкерлері мен кәсіпқой спортшылар және қала тұрғындары жалпы саны 5 мың адам қатысты. Биыл жүгіру жолының ұзақтығы жартылай марафонға дейін ұзартылды. Ұйымдастырушылар «Kasiet» фитнес-клубы мен «13 регион» командасының айтуынша, бұл қадам марафонның болашақта жалпы қазақстандық және халықаралық спорт күнтізбесіне енгізілуі үшін жасалып отыр. Ең алыс қашықтық — 21,1 шақырым. Дегенмен, өзінің мүмкіндігін жаңадан сынап көрушілер үшін 5 және 10 шақырым жарыс жолы сақталды.Қонаев даңғылынан Бəйдібек би даңғылы бойымен Наурыз алаңына дейінгі бірінші қашықтықты облыс әкімімен бірге барлық жастағы 3 мыңнан астам қатысушы оңай жүгіріп өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкент: Короновирустың алдын алу жолдары түсіндірілді
Бүгінде коронавирус инфекциясының қаупі басылмай отыр. Сондықтан індеттің алдын алу барысындағы негізгі талаптарды білу мақсатында Шымкент қаласы ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Машировтың пікірін білдік. Маманның айтуынша, ең алдымен бетперде тағу режимі басты назарда […]
ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында шаһардағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу бойынша онлайн-брифинг өтті. Брифингке қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қаладағы қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту және жолаушыларға […]
ШЫМКЕНТТЕ «ЖҮЙРІКТЕР ШЫҚТЫ ЖЕЛІГЕ» ОНЛАЙН-АЙТЫСЫ ӨТЕДІ
Шымкентте «Жүйріктер шықты желіге» онлайн-айтысы сәуір айының әр сәрсенбісінде өтеді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Айта кету қажет, дүбірлі дода Шымкент қаласының 2200 жылдық, Әл-Фарабидың 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық, Алтын Орданың 750 […]
Пікір қалдыру