Шымкент қаласында дәстүрлі жалпы қалалық «13 аймақ» — Бірге болсақ, бәрі мүмкін!» атты жүгіру марафоны өтті. Салауаттыөмірсалтыменбұқаралықспорттынасхаттаумақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев пен «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық бөлімшесінің төрағасы Өмірзақ Мелдеханов, сондай ақ әкімдік қызметкерлері мен кәсіпқой спортшылар және қала тұрғындары жалпы саны 5 мың адам қатысты. Биыл жүгіру жолының ұзақтығы жартылай марафонға дейін ұзартылды. Ұйымдастырушылар «Kasiet» фитнес-клубы мен «13 регион» командасының айтуынша, бұл қадам марафонның болашақта жалпы қазақстандық және халықаралық спорт күнтізбесіне енгізілуі үшін жасалып отыр. Ең алыс қашықтық — 21,1 шақырым. Дегенмен, өзінің мүмкіндігін жаңадан сынап көрушілер үшін 5 және 10 шақырым жарыс жолы сақталды.Қонаев даңғылынан Бəйдібек би даңғылы бойымен Наурыз алаңына дейінгі бірінші қашықтықты облыс әкімімен бірге барлық жастағы 3 мыңнан астам қатысушы оңай жүгіріп өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкент: Карантин жағдайында заңсыз митингілерге қатысушылар қатаң жазаланады
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласындағы COVID-19 инфекциясының 2020 жылдың 5 маусым күні болған эпидемиологиялық жағдайы бойынша брифинг өтті. Брифингке Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев және департамент басшысының орынбасары […]
Шымкент: Залалсыздандыру жұмыстарына сарбаздар атсалысты
Еліміздің үшінші мегаполисінде короновирус инфекциясына қарсы залалсыздандыру жұмыстарына сарбаздар атсалысты. Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы әкімдігі тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында аудан аумағында дизенфекциялау жұмысын тұрақты түрде жүргізді. […]
ШЫМКЕНТ: БАС ЖОСПАРДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖАСАҚТАЛАДЫ
Шымкент – республикалық маңызы бар қала ретінде Бас жоспарының тұжырымдамасы жасақталуда. Жобаның іске асырылуы екі бағытқа бөлініп, 2021-2022 жылды қамтиды. ҚР ҚЕ 1.02-110-2013 құрылыс нормасына сәйкес жасақталуы 19 айға қарастырылған. Қаланың Бас жоспарын әзірлейтін […]
Пікір қалдыру