Денсаулық – баға жетпейтін асыл дүние екенін айтқан облыс әкімі барша оңтүстікқазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. «Бүгінгі дәстүрлі жалпы қалалық жүгіру марафонына қатысып, бұқаралық спорттың дамуына үлес қосып жүрген қала тұрғындары мен жастарға алғыс айтамын. Өмірімізге қауіп төндіретін зиянды заттардан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануымыз қажет. Бүгінгі 5 мың адам қатысқан марафон осының айғағы. Осы қалыптан таймай бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып, оны кең дәрежеде насихаттайтын болсақ 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен шұғылданушылардың санын 30 пайызға жеткіземіз, ал осы жылы 26 пайызға жетеді деп жоспарлануда»,-деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.Мұнан соң, аймақ басшысы жарыстың ең жас және ең ересек қатысушылары мен жеңімпаздарын марапаттады. Жарыста 9 жас ерекшелігі бойынша 32 спортшы жеңімпаз атанып, облыс əкімінің алғыс хатымен жүлделі сыйлықтарға ие болды. Айта кетейік, ерлер арасында 21 шақырым қашықтықта 19 жастағы №39-шы Ғалымжан Жұмабаев мәре сызығын бірінші болып басса, әйелдер арасында ең бірінші болып 225-ші номердегі 34 жастағы Ақмарал Мейірман келіп жетті.Дәстүрлі шара Наурыз алаңындағы концертпен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
Ж.Түймебаев «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылыс жұмыстарын сынады
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіндегі Оңстүстік Қазақстан облысымен өтер тұсында жол құрылысының бірқатар учаскелерінде пайда болған ақауларға байланысты жолдың бір жақ бөлігі жабылып, екінші жағында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары тиісті дәрежеде атқарылмау салдарынан […]
Шымкентте аты бар да, заты жоқ «Рухани жаңғыру» орталығы ашылды
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов, 21 қаңтар күні Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда халық алдында есеп берген еді. Сол жиында мінберге көтерілген ақын, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Біржан Байтуов, Шымкентте «Рухани жаңғыру» орталығын ашу […]
ОҚО әкімі жарты ғасырлық мектеп тарихымен танысты
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жарты ғасырдан астам тарихы бар, үш тілде оқытатын мамандандырылған Шымкент қаласындағы №12 мектеп-интернатында болды. Онда әкім кеңес дәуірінің Социалистік еңбек ері, мектептің алғашқы директоры Маржан Тасованың ескерткішіне гүл […]
Пікір қалдыру