Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқы рет «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті. Аграрлы аймақтың шаруалары мемлекеттің қолдауы мен тынымсыз еңбектің арқасында биыл егіс науқанын жақсы көрсеткішпен аяқтады. Мерекелік шараға ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары, кәсіпкерлер, халық қалаулылары мен сала мамандары бастаған жалпы 8 мыңға жуық адам қатысқанын айта кету керек.Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған фестиваль қонақтары алдымен ауыл шаруашылығы саласының жетістіктерін айшықтайтын көрмемен танысып шықты. Сонымен қатар, көрмеде халықтың назарына ауыл шаруашылығы өнімдері, асыл тұқымды төрт түлік малдың түрлері мен озық техникалар ұсынылғанын да айт кеткен жөн. Фестиваль аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде облыстың барлық аудандарынан жиналған жалпы көлемі 182 тонна табиғи таза өнімдерді нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан бағамен жұрт назарына ұсынылды. Сондай-ақ шара барысында Ж. Түймебаев жыл бойына тынымсыз еңбек еткен ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аталған салада белсенділік танытып, үздік көрсеткішке қол жеткізген шаруалар мен аудандарды марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік Қазақстан сегіз айда 3 мың тоннаға жуық ет экспорттады (видео)
Жыл өткен сайын Оңтүстік Қазақстан облысының сапалы ет экспорттау әлеуеті артып келеді. Бұған дейін буферлі аймақта болып келген Оңтүстік Қазақстан облысы таяуда аусылдан азат аймақ мәртебесін иеленді. Айта кету қажет, бұл аграрлы аймақтың етті экспорттаудағы […]
ОҚО-да «Балаларға шаттық сыйлайық!» атты қайырымдылық акциясы өтті
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвестициялық орталығы ұжымы «Балаларға шаттық сыйлайық!» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінде өткен шараның мақсаты — ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың көңілін көтеріп, өңіріміздегі барлық қаржы ұйымдарын қайырымдылықпен […]
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БОКС СПОРТЫН ДАМЫТУДЫ ЕЛІМІЗДІҢ БАС БАПКЕРІ ҚОЛҒА АЛАДЫ
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановты қабылдады. Екеуара әңгімеде Мырзағали Құланұлы өңір басшысына ел құрамасының қазіргі уақытта атқарып отырған жұмысы мен Түркістан облысында бокс спорт түрінің дамуы туралы […]
Пікір қалдыру