Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күніне арналған мереке ерекше аталып өтті. Бұған себепте бар. Өйткені аграрлы аймақтың шаруалары 376,5 млрд теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімін өндірді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 57 млрд теңгеге көп. Яғни, диқандар биыл 400 мың тоннаға жуық астықты қамбаға құйса, 116 мың тонна жеміс-жидек пен 919 мың тонна көкөніс, 295 мың тонна картоп, 1,3 млн тонна бақша дақылдарын жинады.Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 29 мың га артып, 818 мың га құрады. Сонымен бірге жаңа бастамамен алғаш рет облыста 59 га жерге жаңғақ, 7 га бадамша егілді. Ал тамшылатып суғару әдісі 7,5 мың га ендіріліп, жалпы көлемі 58,5 мың гектарға, жылыжайлар 171 га салынып, жалпы 1 294 гектардан асты. Осынау жетістіктің бәрі өңірдегі еңбекқор шаруалардың ерен еңбегі деп білеміз.Ауыл шаруашылығы саласының жетістіктері баяндалған мерекеге келушілерді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құттықтап, биылғы жылдың өңір шаруаларына берекелі болғанын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да мемлекет қазынасына алты айда 147 миллиард теңге салық түскен
Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбетәлиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясынд мәліметті.Осы жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндаған департемент басшысы мемлекеттік бюджет жоспары 106 пайызға орындалғанын атап өтті. Яғни, жоспар бойынша қазынаға 139 млрд. теңге түсуі тиіс болса, бюджетке нақты 147 млрд. теңге […]
ОҚО-да биыл егіс көлемі 11,4 мың гектарға артқан
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында егіс көлемі 11,4 мың гектарға артып, 800,2 мың гектарды құрап отыр. Оның ішінде көкөніс 35,3 мың гектар, картоп – 13,3 мың гектар, бақша дақылдары 57 мың гектарға егілген. Табиғаттың қолайлығына байланысты биыл […]
Үкімет басшысы ОҚО-дағы ішкі және сыртқы нарықты игерген кәсіпорындармен танысты (видео)
Оңтүстікке жұмыс сапары аясында Р Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Оңтүстік» индустриалды аймағының бірқатар нысандарын аралады. Нақтырағы олардың ішінде шыны ыдыс шығаратын «ЕуроКристалл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен керамикалық гранит өндіретін «Зерде Керамика» жауапкершілігі шектеулі серіктестішгі бар. Сонымен […]
Пікір қалдыру