Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, «AGROFEST-2017» фестивалінде түрлі ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруден І орын алған озат аудан, қалаларды атап, арнайы мүсін мен облыс әкімінің сертификаттарын табыстады. Мәселен, астық өндіруде Қазығұрт ауданына ешкім тең келмесе, сүт өндіруден Сайрам ауданы, мақсарыда Төлеби, мақта бойынша Шардара ауданы болса, көкөніс жинаудан Сарыағаш аудандары үздік деп танылды. Ал бақша өнімдерін жинау бойынша мақтаралдықтар көш бастаса, жеміс-жидекте Түлкібас, озық инвестициялық жобаларды іске асыруда Бәйдібек ауданы, тамшылатып суғару технологиясын ендіру бойынша Түркістан қаласы ие болса, «Сыбаға», «Алтын Асық» бағдарламасының орындалуы жөнінен отырарлықтар ерледі.Оңтүстік Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы саласының еңбеккерлері де биылғы жылды толағай табыстармен аяқтап отыр. Өйткені өңірде ірі қара мал саны өткен жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға, қой мен ешкі 1 пайызға, жылқы 19,5 пайызға артқан. Өңірдегі мал басының өсуіне «Сыбаға» бағдарламасы да өз септігін тигізіп отыр. Аталған бағдарламамен биылдың өзінде 13 087 бас мал сатып алынса, «Алтын асық» аясында 23 352 бас қой, «Құлан» бағдарламасы аясында 2 366 бас жылқы сатып алынған. Мал басын сатып алуда Оңтүстік өңірі республикада 1 орыннан көрінді. Сондай-ақ биыл облысымызда жаңадан 2 419 шағын бордақылау алаң мен 656 жанұялық сүт және 22 отбасылық құс фермасы, 10 балық шаруашылығы іске қосылған.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Ж.Түймебаев: Біз білім беру саласында бүкіл еліміздің аймағына үлгі болуымыз қажет
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі жастарға арналған интелектуалдық дебат ойындары мен арнайы жастар бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қоса Жансейіт Түймебаев ешбір облыста біздегі сияқты 12 жоғарғы оқу орны мен кәсіптік білім беретін 90 колледждің жоқ екенін […]
ОҚО әкімі діни конфессиялардың басшыларымен кездесті
18 қазан – Рухани келісім күні. Осы даталы мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі бір топ діни конфессиялардың басшыларымен кездескенін айта кету керек. Шара барысында тараптар өзара пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін […]
ОҚО әкімі Әбсаттар қажы Дербісәлімен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев елімізге белгілі шығыстанушы, дінтанушы азамат Әбсаттар қажы Дербісәлімен кездесті. Басқосуда тараптар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жөнінде әңгімелесіп, Оңтүстіктің тарихы, әдебиеті мен мәдениет, ұлттық бірігуі жайлы сөз қозғады.сурет yvision.kz сайтынан […]
Пікір қалдыру