ОҚО-да ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 29 мың га артып, 818 мың га құрады. Сонымен бірге жаңа бастамамен алғаш рет облыста 59 га жерге жаңғақ, 7 га бадамша егілді. Ал тамшылатып суғару әдісі 7,5 мың га ендіріліп, жалпы көлемі 58,5 мың гектарға, жылыжайлар 171 га салынып, жалпы 1 294 гектардан асты. Осынау жетістіктің бәрі өңірдегі еңбекқор шаруалардың ерен еңбегі деп білеміз.Ауыл шаруашылығы саласының жетістіктері баяндалған мерекеге келушілерді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құттықтап, биылғы жылдың өңір шаруаларына берекелі болғанын атап өтті. Осындай жетістікке жеткен еңбек иелерінің ерлігіне құрметпен қарау мақсатында күзгі мерекені «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі түрінде айырықша атап өту облыс әкімінің бастамасымен қолға алынып отыр. Өйткені Оңтүстік Қазақстан облысы аграрлы бағытта қалыптасып, республиканы ғана емес, шетелді де өзінің ерекше өнімдерімен таңқалдырып келеді. Табиғаттың төрт мезгілі тепе-тең сақталып, күн нұрына бөленген өнегелі өлкеде төгілген адал тердің бір тамшысы да елеусіз кетпек емес.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Ордабасы» қой тұқымының саны 125 мыңға жеткізілмек
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен етті-майлы ордабасы тұқымын өсірудің және қозы етін өндірудің озық технологияларына арналған баспасөз-конференциясында «Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Бас директорының мал шаруашылығы бойынша орынбасары Нұрадин […]
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА 100 ГЕКТАР ЖЕРГЕ АЛМА БАҒЫ ҚҰРЫЛДЫ
Түркістан облысы Сайрам ауданында 100 гектар жерге алма бағы құрылды. Инвестициялық іс-шаралар шеңберінде «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының қолдауымен және қаржыландыруымен ағымдағы жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданында жалпы көлемі 117,6 гектар болатын 7 интенсивті отбасылық алма […]
ОҚО-дағы инвестициялық орталық 30 жуық кооперативті қаржыландырған
«ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвестициялық орталықтың ықпалымен осы жылы өңірде 11 кооператив құрылды. Ал жыл басынан бері 567 млн теңгеге түрлі бағыттағы 28 кооператив қаржыландырылды. Мәселен, сомасы 63 млн теңге болатын құс шаруашылығындағы екі жоба, ет пен […]
Пікір қалдыру