Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күніне арналған мереке ерекше аталып өтті. Бұған себепте бар. Өйткені аграрлы аймақтың шаруалары 376,5 млрд теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімін өндірді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 57 млрд теңгеге көп. Яғни, диқандар биыл 400 мың тоннаға жуық астықты қамбаға құйса, 116 мың тонна жеміс-жидек пен 919 мың тонна көкөніс, 295 мың тонна картоп, 1,3 млн тонна бақша дақылдарын жинады.Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 29 мың га артып, 818 мың га құрады. Сонымен бірге жаңа бастамамен алғаш рет облыста 59 га жерге жаңғақ, 7 га бадамша егілді. Ал тамшылатып суғару әдісі 7,5 мың га ендіріліп, жалпы көлемі 58,5 мың гектарға, жылыжайлар 171 га салынып, жалпы 1 294 гектардан асты. Осынау жетістіктің бәрі өңірдегі еңбекқор шаруалардың ерен еңбегі деп білеміз.Ауыл шаруашылығы саласының жетістіктері баяндалған мерекеге келушілерді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құттықтап, биылғы жылдың өңір шаруаларына берекелі болғанын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 10 айда 50 мыңнан астам азамат жүргізуші куәлігін алған
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-ы 10 айда азаматтардан 175 мыңға жуық құжат қабылдаған. Сондай-ақ, 51 794 жүргізуші куәлігі берілген. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің […]
ОҚО-да «ONTUSTIK өнімдері-2017» көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр
Бүгін Шымкенттегі «Көрме» орталығында «ONTUSTIK өнімдері-2017» көрме-жәрмеңкесі басталды. Оңтүстік Қазақстанның тауар өндірушілерін қолдау және оларды халыққа кеңінен таныстыруды мақсат тұтқан шарада күнгейде өндірілетін тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, құрылыс саласына қатысты […]
ОҚО-да «Көкжалдар фильмінің» тұсауы кесілді
Облыстық мəдениет басқармасы, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Еркін Рақышевтың «Көкжалдар» фильмінің Оңтүстіктегі көрсетілімінің тұсауы кесілді.Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген тарихты білу жəне текті тану, ұлттық кодты табу мəселесі […]
Пікір қалдыру