Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Ордабасы ауданында жұмыс сапарымен болып, бірқатар нысандарды аралады. Алдымен Шұбар ауылындағы №18 колледжге ат басын бұрып, тыныс-тіршілігін көрді. Айта кету керек аталмыш оқу орны 1959 жылдан бері шәкірттерді кәсіптік білімге баулып келеді. Жарты ғасырдан астам тарихы бар білім ошағында бүгінгі таңда мұнда 371 жеткіншек білім алуды.Оларға 50 инженер-педагог білім береді. Оқу ғимаратынан соң Ұласбек Сәдібекұлы колледж жатақханасымен, техникалық базасымен танысты.Мұнан кейін Ұласбек Сәдібекұлы Береке ауылындағы 200 орындық мектеп құрылысымен танысты. Қазіргі таңда мұндағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр. «MD Constructon Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өкілі құрылыстың кестеге сәйкес жүргізіліп келетінін алға тартты.Тапсырылуы 2018 жылға жоспарланған мектепке облыстық және аудандық бюджеттен қаржы бөлінген. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Аққойлы ауылындағы «Аққойлы мешіт-медресесі» тарих және сәулет ескерткешіне бұрылып, бүгінгі ахуалын көрді.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРІ ӘРІПТЕСТІК АЯСЫН КЕҢЕЙТПЕК
Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов Түрік елінің кәсіпкерлерімен кездесіп, әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады. Нигде /Nigde/ қаласында бау-бақша саласын дөңгелетіп отырған бұл компанияның атауы «Алма-Ата» . Бүгінгі таңда өз еліндегі үздік үштіктің қатарынан табылатын бұл компания […]
ОҚО-да жыл басынан бері 440 миллиардқа жуық өнеркәсіп өнімі өндірілген
Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков пен бірге жауапты басқарма басшылары қатысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәдениет күндеріне арналған шаралар жайын баяндады. Осы жылдың 7 айының қорытындысымен облыста маңызды […]
ОҚО-да 2018 жылы «Бадам» қосалқы станциясының құрылысы басталады
Оңтүстік Қазақстан облысының, Ордабасы, Отырар аудандары мен Арыс қаласының аумағында орналасатын кәсіпорындар мен 244 мың тұрғынды тұрақты электр энергиясымен қамту мақсатында «Бадам» қосалқы станциясының жобасы әзірленіп жатыр. Аталған станцияның құрылысы 2018 жылы басталады. Облыстық Энергетика және […]
Пікір қалдыру