Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Ордабасы ауданында жұмыс сапарымен болып, бірқатар нысандарды аралады. Алдымен Шұбар ауылындағы №18 колледжге ат басын бұрып, тыныс-тіршілігін көрді. Айта кету керек аталмыш оқу орны 1959 жылдан бері шәкірттерді кәсіптік білімге баулып келеді. Жарты ғасырдан астам тарихы бар білім ошағында бүгінгі таңда мұнда 371 жеткіншек білім алуды.Оларға 50 инженер-педагог білім береді. Оқу ғимаратынан соң Ұласбек Сәдібекұлы колледж жатақханасымен, техникалық базасымен танысты.Мұнан кейін Ұласбек Сәдібекұлы Береке ауылындағы 200 орындық мектеп құрылысымен танысты. Қазіргі таңда мұндағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр. «MD Constructon Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өкілі құрылыстың кестеге сәйкес жүргізіліп келетінін алға тартты.Тапсырылуы 2018 жылға жоспарланған мектепке облыстық және аудандық бюджеттен қаржы бөлінген. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Аққойлы ауылындағы «Аққойлы мешіт-медресесі» тарих және сәулет ескерткешіне бұрылып, бүгінгі ахуалын көрді.
Ұқсас жаңалықтар
Ордабасыда әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында Ордабасы ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды.Бастаманы қолға алудағы мақсат — отбасы, ошаққасында болатын жанжалдарға тосқауыл қою, шаңырақ ынтымағын сақтау. Орталықта ерінен зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар […]
Ордабасы ауданының әкімі сала басшыларының есебін тыңдады
Ордабасы ауданы әкімінің кезекті аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Б.Әлішев сөз алып, ағымдағы жылы пайдалануға берілетін нысандар, олардың сапасы мен мерзімдік кестеге сәйкестігі, бюджет есебінен әзірленетін жобалық-сметалық құжаттамалардың […]
ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРІ ӘРІПТЕСТІК АЯСЫН КЕҢЕЙТПЕК
Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов Түрік елінің кәсіпкерлерімен кездесіп, әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады. Нигде /Nigde/ қаласында бау-бақша саласын дөңгелетіп отырған бұл компанияның атауы «Алма-Ата» . Бүгінгі таңда өз еліндегі үздік үштіктің қатарынан табылатын бұл компания […]
Пікір қалдыру