Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласының орталығындағы көпқабатты үйлер ауласынан екі спорт алаңы пайдалануға берілді. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану шін салынған алаңның ашылу салтанатына қала әкімі Әліпбек Өсербаев қатысып, халық игілігіне ұсынылып отырған нысанның маңыздылығына тоқталып өтті. Шаһар басшысы, өз сөзінде Елбасының бұқаралық спортты дамытуға басымдық бергенін және дені сау ұлт – болашағы кемел мемлекет негізі екенін атап өтіп, осы бағытта мемлекет басшысының саясатын іске асыру барысында қарқынды жұмыстар жүргізіле беретіндігін жеткізді.Спорт алаңдарының бірі Тоқаш Бокин атындағы көше бойындағы көп қабатты үйлер ауласында бой көтергенін айта кеткен жөн. Ал, екіншісі Сауран мөлтек ауданындағы 35 «а» үйінің алдынан салынып ел игілігіне берілді. Жасанды жұмсақ жамылғымен көмкерілген ойын алаңының жиегі 7 метр биіктікте қоршалған. Балалардың қуанышын еселеген бұндай алаңдар құрылысы алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда 5 қабатты 8 үй ел игілігіне берілді
Түркістан қаласында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында салынған 5 қабатты 8 үй ел игілігіне тапсырылды. Бұл күні баспана кезегінде тұрған әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мүгедектер және жалғыз басты аналар сынды 480 отбасы баспаналы болды.Жаңадан […]
Келелі кездесудің берері көп
Түркістанда Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мен түсіндіру бойынша «Үш тілді білу- ХХІ ғасыр талабы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Аталған басқосуды облыстық […]
«Ясауитану» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Киелі Түркістан шаһарында аса тартысты өткен «Ясауитану» байқауының екі кезең қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Ажар Қараман бас жүлдені (150 мың теңге) иеленді. Ал, Ақмола облысының өрені Жанат Оқаға бірінші орын (100 мың теңге) […]
Пікір қалдыру