Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласының орталығындағы көпқабатты үйлер ауласынан екі спорт алаңы пайдалануға берілді. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану шін салынған алаңның ашылу салтанатына қала әкімі Әліпбек Өсербаев қатысып, халық игілігіне ұсынылып отырған нысанның маңыздылығына тоқталып өтті. Шаһар басшысы, өз сөзінде Елбасының бұқаралық спортты дамытуға басымдық бергенін және дені сау ұлт – болашағы кемел мемлекет негізі екенін атап өтіп, осы бағытта мемлекет басшысының саясатын іске асыру барысында қарқынды жұмыстар жүргізіле беретіндігін жеткізді.Спорт алаңдарының бірі Тоқаш Бокин атындағы көше бойындағы көп қабатты үйлер ауласында бой көтергенін айта кеткен жөн. Ал, екіншісі Сауран мөлтек ауданындағы 35 «а» үйінің алдынан салынып ел игілігіне берілді. Жасанды жұмсақ жамылғымен көмкерілген ойын алаңының жиегі 7 метр биіктікте қоршалған. Балалардың қуанышын еселеген бұндай алаңдар құрылысы алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Ұқсас жаңалықтар
В ГОРОДЕ ТУРКЕСТАН В ЭТОМ ГОДУ БУДУТ ПОЛНОСТЬЮ СДАНЫ НОВЫЕ ОБЪЕКТЫ
Аким города Туркестан Рашид Аюпов в рамках специального пресс-тура для работников СМИ представил новые объекты в областном центре. В первую очередь группа ознакомилась с концертным залом «Конгресс Холл» в административно-деловом центре. Площадь здания-6438 квадратных […]
Түркістан қаласы 2020 жылы 100% газбен қамтылады
Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев, халық алдындағы есебінде 2020 жылы қала толығымен табиғи газбен қамтылатынын айтты — деп хабарлайды «Күнгей.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ал, биылғы жылы рухани астана тұрғындарының […]
«Ясауитану» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Киелі Түркістан шаһарында аса тартысты өткен «Ясауитану» байқауының екі кезең қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Ажар Қараман бас жүлдені (150 мың теңге) иеленді. Ал, Ақмола облысының өрені Жанат Оқаға бірінші орын (100 мың теңге) […]
Пікір қалдыру