Халқының саны миллионға жуықтап еліміздегі үшінші қалаға айналып келе жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 14-16 қарашасы аралығында «Ontustik Tourism. Invest 2017» атты халықаралық туристік, инвестициялық форум өтеді. Басқосу «Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойынша саяхат» фестивалі шеңберінде ұйымдастырылып отырғанын айта кеткен жөн. Осы тұрғыда бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт мәлім етті.«Шара аясында туристік аймақтарымызды паш ететін фотокөрме ұйымдастырылады. Форумға ҚХР Туризм бойынша вице-министрі, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі, Туризм индустриясы комитетінің төрайымы, «Kazakh tourism» ұлттық компаниясының төрағасы, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сонымент қатар, алыс және жақын шет мемлекеттердің туризм саласының кәсіби мамандары, туристік ұйымдар, инвестициялық компания өкілдері, жалпы 300-ге жуық адам қатысатын болады», — деді Батырхан Құрмансейіт.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 507 спортшы жүзумен айналысады
Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында Оңтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айтжан Бердашов шомылу маусымы қарсаңында «Қажымұқан» стадионындағы жабық «Су комплексінде» суда жүзу бойынша тренерлермен және құтқарушылармен 100-ден аса жасөспірімдерге […]
ОҚО-да халықаралық онкоурологиялық форум болып өтті
Қаладағы «Шымкент» қонақүйінде халықаралық онкоурологиялық форум болып өтті. Шараның мақсаты – ерте диагностикалауды жақсартып, науқастарға комплексті ем жүргізіп, өмірін ұзарту. Қазіргі таңда бүкіл әлем бойынша қуық асты безінің қатерлі ісігіне шалдыққандар қатары көбейіп келеді. Оңтүстік […]
ОҚО-да «ОҢТҮСТІК» АИО-ның ықпалымен 11 кооператив құрылған
Оңтүстік Қазақстан облысында кооперативтерді құру жұмыстарын жеңілдету және дамыту бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды. Мұнан бөлек, кооперативтерді құру және қаржыландыру бойынша 14 ауданда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қаржыландыру лизинг формасында төмендетілген пайызбен (8 пайызбен) 84 айға, ал […]
Пікір қалдыру