Шымкент қаласында Орта Азиядағы алғашқы қуаты 0,5 мегаватты құрайтын «Биогаз қондырғылар кешені» іске қосылды. Қазақстандағы бірегей жоба Елбасымыздың жарлығымен қабылданған «Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын» орындау мақсатында іске асырылып отыр. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл жоба ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысынан ұсынылып көрсетілгенін атап өтті.«Қондырғылар кешенінде халықаралық көрмесінде ұсынылған Чехиялық «HEDVIGA GROUP» компаниясының жаңа технологиялары қолданылды. Технологияның ерекшелігі қаланың сарқынды суларды тазалау имаратынан шыққан шөгінділерді өңдеп, одан биогаз алып қолдану арқылы, жылу және электр энергияларын өндіру болып табылады. Нәтижесінде бұл технология сыртқы ортаның ластануын едәуір төмендетіп экологияны жақсартуға үлкен үлес қосады. Жалпы облыста жаңғырмалы энергия көздері саласын дамыту басты назарға алынған. Мысалы, облыста жалпы қуаты 183,9 мегаватт болатын 14 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінде оның 4 жобасы жүзеге асырылды»,-деді облыс әкімі.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 461,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен көпқабатты 364 тұрғын үй салынуда. Оның ішінде ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру жобасымен 96 тұрғын үй, ал жеке құрылыс салушылар есебінен 107 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілсе, тұрғын үй құрылыс […]
ОҚО-да «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының кеңейтілген отырысы өтті
Оңтүсті қазақстан облысында Тимур Құлыбаев тың қатысуымен Кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кездесуге облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, аймақтық кеңес мүшелері, әулетті мекеме жетекшілері, бизнес-қауымдастықтар, банктер және […]
ОҚО-да татулық пен келісім үлгісін ілгерілетуге арналған семинар басталды
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-ның ұйымдастыруымен Түркістан қаласында қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету бойынша өңірлік үш күндік семинар басталды. Семинарға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен бірқатар министрліктердің, ҚР Президенті жанындағы […]
Пікір қалдыру