Шымкентте «Биогаз қондырғылар кешенін» іске қосқан «Су ресурстары — маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылатын жобаның құны 2 млрд. 200 млн. теңге. Технологиялық процеске сәйкес қондырғы қалдықтарды өңдеу арқылы тәулігіне 300 м3 метанды газды (биогаз) өндіреді. Мұнда тұрақты жұмыс орнымен 20 адам қамтылып отыр. Сонымен қатар, өндірілген энергия кәсіпорынның жылу энергиясына қажеттілігін толығымен, ал электр энергиясына қажеттілігінің 50 пайызын жабатын болады.Жалпы облыс көлемінде Мемлекет басшысының жаңа энергетиканы дамыту тапсырмасына сәйкес жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мәселен, облыста жалпы қуаты 183,9 мегаватт болатын 14 жобаны іске асыру жоспарланса, бүгінде оның 4 жобасы жүзеге асырылды. Ал осы жылдың соңына дейін Қазығұрт ауданында Достық шағын су электр станциясы іске қосылады. Бұдан бөлек, Сарыағаш ауданы, Жылға ауылдық округінде қуаты 20 МВт «Жылға» және Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы маңында қуаты 5,0 МВт екі күн электр станцияларының құрылыс жұмыстары басталды.
Ұқсас жаңалықтар
ШЫМКЕНТ: аудан әкімдерінің рейтингі
Былтыр ғана республикалық қала атағына ие болған еліміздің су жаңа мегаполисі Шымкентте бүгінде 4 аудан бар. Яғни, шырайлы шаһардың сол төрт аумағына өткен жылы әкімдер тағайындалған. Бірі орнына қайта бекісе, енді бірі «бөркін аспанға атып» […]
Шымкент: Балабақша қызметкерлерінің жалақысы толық төленеді
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Шымкент қалалық өңірлік комиссиясының шешімімен қаладағы барлық балабақша қызметінің уақытша тоқтатылған мерзімінде меншік түріне қарамастан барлық балабақша қызметкерлерінің жалақылары толық көлемде сақталу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында […]
Шымкентте жұқпалы аурулар орталығының құрылысы аяқталды
Шымкент қаласында модульдік жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды. Үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан Амантайұлы жаңа медициналық орталықтың жұмысымен танысты. Бұл госпитальде дәрігерлер коронавирус инфекциясына күдіктелген барлық пациенттерді қабылдайтын болады. […]
Пікір қалдыру